№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жиырма жылдан бері трактор тізгінінде

Жиырма жылдан бері трактор тізгінінде

Ауыл шаруашылық техникаларының тілін меңгерген Сүндет Құрымбаев Келінтөбе ауылының тумасы. Ең алғаш трактор тізгінін ұстаған ол он жылдан бері «Ислам» шаруа қожалығында еңбек етіп келеді.

– Техника тілін түсіну маған қиындық туғызбады. Кішкентай кезімнен әкемнің қасында жүріп, көлік жөндеуді жетік меңгердім. Әкем зейнетке шыққанға дейін ауылда механизатор болып жұмыс жасады. Енді сол жолда мен келемін, – деді шаруашылық тракторшысы.
Келінтөбе ауылдық округінде 100-ден тарта шаруа қожалық болса, соның ең ірісі «Ислам» шаруа қожалығы. 800 гектардан (га) астам жерге иелік ететін шаруашылықтың ісі ширақ, еңбегі өнімді. 2017 жылы аудан әкімі өнімділігі жоғары күріштің тұқымын егуді көтергенде алғашқылардың бірі болып қолдап, өзбектің жоғары өнімді «Лазурный» тұқымын 50 га, «Искандерді» 190 га жерге екті. Биыл қожалық 350 гектарға «маржан» күріштің дәнін тастап, төкпей-шашпай жинап алды. Гектарына 60 центнерден жоғары өнім алып, бастырып, диірменге ағартуға жіберген шаруашылық жұмысы жүйелі. Осындай тындырымды тірліктің басы-қасында жүрген Сүндеттің еңбегі елеулі.
– Қожалықта 14 қызметкер бар. Барлығы өз жұмысына тиянақты. Маусымдық кезде жұмысқа қосымша тұрғындарды тартамыз. Сүндеттің еңбегі адал, бізде жүргеніне он жылдан асып барады. Қай салада болмасын білікті мамандарға сұраныс жоғары ғой. Сол секілді Сүндет те өз саласының жетік маманы, – деді Мақсат Исламұлы.
Жалпы шаруалық жұмысын 2002 жылы бастаған. Алғашында қожалыққа тиесілі 17 га жерде жұмыс жүргізудің қиындықтарына қарамастан сөзге беріктік пен еңбекке ептіліктің арқасында жұмыстың берекесі артты. Бүгінде Келінтөбе ауылдық округіндегі ең ірі ауылшарушылық құрылымына айналған «Ислам» шаруа қожалығы тек егінмен ғана емес, мал және балық шаруашылығын қолға алуда. Отбасылық бизнесті өркендету жолында еңбек етіп келе жатқан қожалық
– Жастардың көбі дала жұмысына, әсіресе егін шаруасына бара бермейді. Қазір техниканы меңгерген жастарға сұраныс жоғары. Механизаторлар жетіспеушілігі басым. Сондықтан жастар маусымдық жұмыс кезінде қырман басында, егіс даласында жүріп-ақ нәпақасын таба алады. Менің бар ынта-жігерім, күш-қайратым тракторды тереңірек түсініп, жалпы аграрлы саланың техникаларын айдау, жөндеуді мейлінше үйрену, – деді Сүндет.
Қорыта айтқанда, ата кәсіптің тізгінін ұстаған Сүндеттің еңбегінен ауыл жастары үлгі алуына болады. Бұл қожалық төрағасының сөзі.

Әли ТЕМІРБЕК
20 қазан 2019 ж. 804 0