№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Апаттық көпірді алға тартты

Апаттық көпірді алға тартты



Негізгі еңбек көзі – егін мен мал шаруашылығы саналатын Қаратөбе ауылының шешімін таппай келе жатқан мәселесі біреу. Ол Мұсаханов каналынан өткізетін көпірдің апаттық жағдайы. Егер көпір істен шықса ауыл табыс көзінен айрылады.
Жалпы Қаратөбенің сол аумақтағы ауылдардың ішінде әлеуеті жоғары. 28 шаруа қожалықтың ауыл тұрғындары әлеуеті артуына септігі тиюде. Мәселен, «Серікбай» шаруа қожалығы 0,7 га жерге жылыжай орнатып, одан жыл сайын 80 тоннадан аса өнім алады. Көше бойындағы 34 жарық шамы ауыстырылып, асфальт төсеу мәселесі бойынша 4 көшенің жоба-сметалық құжаты әзірленіпті.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында меценат Құлмағамбет Исаханов дәрігерлік амбулатория салуды жоспарлауда екен. «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 8 кәсіпкер 505 мың теңге алып, кәсібін дамытып жұмыс жасауда. Ауыл әкімі Жомарт Дүйсенбиевтің сөзінше, биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бой көтерген спорт кешені пайдалануға беріледі.
Қаратөбеліктер тіршілік көзіне ең қажетті жайылымдық пен егістікке байланыстыратын көпірдің апатты жағдайда екенін алға тартты. Аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы бұл мәселе аудандық немесе облыстық бюджет есебінен шешілмейтінін, республикалық деңгейде қаралатын мәселе екенін жеткізді. Аймақ басшысы Қуанышбек Досмайылұлының құны 500 млн. теңгені құрайтын көпір жағдайымен таныс, облыс әкімі қаңтар айының соңында Жаңақорған ауданына іс-сапармен келеді. Аудандағы негізгі мәселелер сол кезде күн тәртібіне қойылып, шешілу жолдарын қарастыруға мүмкіндік жасайтынын айтты.
Қаратөбедегі мәселенің бірі – жарықтың толық деңгейде берілмеуі халық үшін бұл кезек күттірмейтін мәселе екені айтылды.
18 қаңтар 2020 ж. 1 008 0