№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: КЕЛІНТӨБЕНІҢ КЕЛБЕТІ...

ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: КЕЛІНТӨБЕНІҢ КЕЛБЕТІ...

Сонымен, биылғы жылғы есеп беру­дің бісмміләсін Келінтөбе ауылдық округі бастады. Сыр өңірінде шаруа қожалығының көптігі және гандбол спортының дамуымен ерекшеленетін тындырымды тірлік көп. Шешімін таппаған түйіткілдер аз емес. Алдымен, ауыл әлеуетін саралайтын жеті кретерийге мән берсек.

Салық түсімі 4 348 000 теңгеге жос­парланса, орындалғаны – 5 364 000 теңге. Яғни, 123 пайызға артық орындалған. Оның ішінде, жер салығы ғана 97 пайыз болса, мүлік пен көлік салығы жоспардан шыққан. 2017 жылмен салыстырғанда салық жинауда өсім барын білдік. Демек, 3700-ден астам халқы бар Келінтөбе төртінші деңгейлі бюджеттің кіріс көзін арттыруда нәтижелі жұмыс бар. Абаттандыру жұмысына бөлінген қаржы толығымен игеріліп, жаяу жүргіншілер жолы салынған. Жалпы, ауылға былтыр 71 200 000 қаржы инвестиция құйылған. Атап айтқанда, кәсіпкерлік бағыты, әлеуметтік мәселелер шешімін табу бойынша да қыруар жұмыстар атқарылған.
Округте қазір 62 жеке кәсіпкерлік субъектісі мен 98 қожалық жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бірнеше нысан салынуы мүмкін. Әсіресе, қол добына спорт залы салынса деген үміт басым. Жастардың әскерге баруы көңіл көншітпейді. Халық санағына келінтөбеліктер кірісе бастады.
Енді, былтырғы жылғы түйіткілдердің шешілуіне тоқталсақ. 2018 жылы әкім есеп беруінде ауылдықтар бірнеше мәселені көтерген болатын. Ең маңыздысы көпір мәселесі тұғын. Жылда жырға айналған көпір тағы да назарға алынды. Бұл жолы Махмуд Борисов мәселені көтерді. Былтыр көмір тапшылығы, тазалық мәселесі және аяқ су бойынша қойылған сауалдар шешімін тауыпты.
---
19 қаңтар 2019 ж. 1 032 0