ЖАҢАРЫҚТАҒЫ КЕЛЕЛІ ІСТЕР
Ауыл әкімі С.Ибрагимов жаңарықтықтардың мал шаруашылығына бейім екендігін, нәтижелі жұмысымен байланыстырды. 2017 жылы «ҚАМҚОРШЫ» несие серіктестігі арқылы 5 шаруа қожалық 53 200 000 теңге несие алып, мал санын өсіру, мал бордақылау мен көбейту бағытында шаруасын жүргізіп отқанын жеткізді.
Сонымен бірге «Бастау – Бизнес» жобасы бойыншаДК «Уржигитов Жасұлан» 2 000 000 несие алып мал басын көбейтуге, ДК «Ибадуллаев Абдикалам» 3 000 000 несие алып мал басынкөбейтуге, ДК «АбсадыковГапур» 1 700 000 жем тартатын диірменін салу, ДК «УржигитовЕрмаганбет» 1 800 000 несиеалып монша салуда екен. Бұлда болса, шағын ауылдағы кәсіпкерліктің кең өріс жайып келе жатқанының айғағы. Ауыл әкімі өткен жылы елді мекенде ақ күріш өңдейтін 3 диірмен жылына 700 тонна өнім өндіргенін мәлімдеді.
Дейтұрғанмен, ауыл әкімінің есебінен кейін, тұрғындар тарапынан сұрақ-жауап алмасылды. Ә-дегеннен сегіз ай бұрын 7 бас малының жоғалғанын айтқан ауыл тұрғыны учаскелік полицейдің жұмысына сын артты. Сондай-ақ «Айта айта Алтайды, Жамал апа қартайдының» кейпіне енген ауылдық клубты күрделі жөндеуден өткізу, ауылды ыза судан арылту үшін тік дренажды іс қосу, жаңа мектеп ғимаратын салу мен электр бағаналарының тозығы жеткені тағы мәселе етіп көтерілді.