№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МІНБЕДЕ КӨТЕРІЛГЕН МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

МІНБЕДЕ КӨТЕРІЛГЕН МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ


«Білім және Ғылым». Ұстаздар қауымының асыға күткен тамыз кеңесі осы тақырыпта өтті. Айрықша айта кететіні, биыл тұңғыш рет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорда төрінде өткен тамыз конференциясына қатысып, мұғалімдердің мәртебесін арттыруға пәрмен берді. Ұстаздар қауымының мерейін өсірген жағымды жаңалыққа толы тамыз кеңесі Жаңақорғанда да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Келелі кеңесте көптеген ұтымды ұсыныс айтылып, пайымды пікірлер ортаға салынды. Бұл жөнінде сәл кейінірек. Әуелі аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков пен сала басшысы Болат Ибрагимов бастаған топ №110 мектеп-лицейінің фоесінде орналасқан ғылыми-әдістемелік көрмені аралады.


Сондай-ақ Болат Мақсұтұлы білім беру сала­сындағы өзекті мәселені баяндамасына арқау етті. Ол – ауданның білім көрсеткішіне тікелей әсер ететін фактор – педагогтардың бейіндік білімі. Бұл индикатор облыс бойынша орташа көрсеткіштен әлі де төмен екен. Әсіресе, жеке балабақшаларда.
– 2019 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлерінің үлесін 50 пайызға жеткізу міндеттелген. Алайда бүгінгі күні ауданда «мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бар тәрбиешілер саны небәрі 37,4 пайызды құрайды. Мамандықтары сәйкес келетін мамандардың пайызы төмен болу себебі балабақшаларға кадр қабылдау барысында ашықтық пен жариялылықтың жоқтығы сал­дарынан деп айтуға болады. Сондықтан, бүгінгі таңда балабақшаларға жалпы педагог мамандығы сәйкес келмейтін және педагог мамандығы жоқ кадрларды қабылдау тиылмай отыр, – деген Болат Мақсұтұлы егер кент және ауылдық округ әкімдері балабақшаларға қабылданатын педагог кадрларды «мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойын­ша жариялылық принципі негізінде қабылдануын қолға алса жоғарыдағыдай мәселе туындамайтынын жеткізді.
Оған қоса, ауданның бас ұстазы тағы бір мәселені көтерді. Яғни білім беру ұйымдарын жақсарту. Бұл өз кезегінде ауданның индикатор көрсеткіштеріне кері әсерін тигізетіні белгілі болды. Себебі ғимараттардың жетіспеушілігі мен сыйымдылықтың сәйкес келмеуі, атап айтқанда аудандағы балалармен мәдени-тәрбиелік жұмыс­тар орталығы және Педагогикалық психо­логиялық түзету кабинеттері бір ғимаратта орналасқан. Сынып бөлмелерінің жетіспеуі мұғалімдердің оқушылармен толыққанды жұмыс жасауына кедергісін келтіруде. Осы орайда, қосымша білім беру орталықтарының желісін кеңейтуде ғимарат қажеттігін айрықша атап өтті.

ПАЙЫМ МЕН ПІКІР

Тамыз конференциясы барысында ұлағатты ұстаздар қауымы өз тәжірибелерімен бөлісіп, ойларын пікір алаңында өрбітті. Жайылмалық ұстаз Бану Данебекова жаратылыстану бағы­тындағы пәндердің ағылшын тілінде жүргізілуінің жетістігін баяндады. Ал Сүттіқұдық ауылынан келген Тұрсынбек Жұпарбаев жаңа форматтағы деңгейлік курстардың оқу процесінде қол­данылуы нәтижесін сөз етті. Жаңақорғандық жас ұстаз Гүлжанар Сыздықова бастауыш және орта білімді цифрландыру жайын көтерсе, мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудегі жаңартылған білім мазмұнын енгізу жөнінде №16 «Жадыра» балабақшасының меңгерушісі Нұрбану Мамбетова пікірін ортаға салды. Еркін пікір алаңына соңғы болып, №51 орта мектеп түлегі, «Алтын белгі» иегері Назира Абдраманқызы шығып, ұстаздар қауымына алғысын білдірді.
30 тамыз 2019 ж. 877 0