№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әліппе қайтарылады

Әліппе қайтарылады


Бірінші. Мемлекет басшысы алдағы 4 жыл көлемінде білім беру жүйесіне білікті маман­дарды тарту және мұғалімнің мәртебесін көтеру мақсатында педагогтардың жалақысы 2 есеге өсетінін мәлімдеді. Мұғалімдердің еңбек­ақысы базалық лауазымдық жалақы арқылы есептелуіне байланысты елдегі 500 мың ұстаз айлығының елеулі мөлшерде өскенін сезіне алмай отырғандығын айтты.
Екінші. Президент педагог жүктемесін қыс­­қартатын, кәсібіне сай емес қызметтерге тартуға тыйым салатын шектеу қою, шектен тыс есептілік пен негізсіз тексерулерді шектеу дербес қаралатынын айтты.
Үшінші. Әліппе – тәжірибе жасайтын алаң емес. Бізде баяғыдан нақты қазақ тіліне бейім­делген әдістеме – Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі бар. 2021 жылы уақыт сүзгісінен өткен, ұлттың таным-түсінігі мен талғамына сай келетін Әліпби қайтарылады.
Төртінші. Әлемде 12 жылдық білім беруге арналған жалпы орта білім берудің белгілі бір стандарты қалыптасқан. Яғни, бастауыш сыныптарда оқыту ұзақтығын арттыру үрдісі сақталуда, әлем мектептерінің 60 пайызында білім беру 6 жастан басталады. Сондықтан баланы 6 жастан қабылдауда екіұшты пікірлер болмайды.
Бесінші. Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы. «Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті. «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек» дегендей білім беруді тәрбие процесімен ұштастырып, тәлімді тәрбие сіңіруіміз қажет.
Міне, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласының алдына осындай ауқымды да маңызды міндеттер қойып отыр. Осы жолда бірлесе жұмыс жасап, болашақты баянды етуде аянбайық, ұстаздар қауымы», – деді ауданның бас ұстазы Болат Ибрагимов.
30 тамыз 2019 ж. 658 0