№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ ЕЛЕНУІМЕН ҚҰНДЫ

МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ ЕЛЕНУІМЕН ҚҰНДЫ


«Білім және Ғылым». Ұстаздар қауымының асыға күткен тамыз кеңесі осы тақырыпта өтті. Айрықша айта кететіні, биыл тұңғыш рет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорда төрінде өткен тамыз конференциясына қатысып, мұғалімдердің мәртебесін арттыруға пәрмен берді. Ұстаздар қауымының мерейін өсірген жағымды жаңалыққа толы тамыз кеңесі Жаңақорғанда да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Келелі кеңесте көптеген ұтымды ұсыныс айтылып, пайымды пікірлер ортаға салынды. Бұл жөнінде сәл кейінірек. Әуелі аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков пен сала басшысы Болат Ибрагимов бастаған топ №110 мектеп-лицейінің фоесінде орналасқан ғылыми-әдістемелік көрмені аралады.


Жарыссөзден соң, модератор, аудан әкімі­нің орынбасары Адай Салыбеков бір топ мәртебелі мұғалімдерді марапаттады. Ендігі кезекте құрмет биігінен көрінген ұстаздарды атап өтсек. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет» грамотасы және аудан әкімінің арнайы сыйлығымен Қ.Нәлтаев (Түгіскен өнер мектебі), Г.Әлібекова (3 мектеп-интернат), Б.Айсынов (Бесарық өнер мектебі), М.Байжанова (№54 орта мектеп) марапатталды. Ал ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатына С.Кеншінбаева (№163), Г.Байтелиева (№223), М.Оспанова (№125), М.Керімбеков (№239) лайықты деп танылды.
Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты­мен аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Тулепбергенова мен №164 орта мектеп мұғалімі Ж.Ахметжанов марапатталды. Сондай-ақ аудан әкімінің Алғыс хатымен К.Жақыпбекова (№163), Н.Мамбетова (№16 Жадыра), З.Ераханова (№213), С.Сопбеков (№224), Б.Үсейінова (Жаңақорған тынысы) марапат биігінен көрінді.

Түйін. Биылғы республикалық Тамыз кеңе­сі Мемлекет басшысының арнайы келіп қатысуымен ерекшеленді. Бұл – салмағы ауыр саланың жүгін көтеру мемлекеттің маңызды мүддесі, ең негізгі саясаттың басым бағытына айналғанын айғақтады, әрі білім беру саласындағы қордаланған мәселелерді жүйелі шешудің жолдары көрсетумен ерекшеленді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев педагог кадрларының құрамы мен кәсібилігін, білім сапасын көтеру керектігін айтты. Мұның бәрі «Күш білімде, білім кітапта, «Оқу – білім бұлағы, Білім – өмір шырағы», «Ұстаз көрген хат таныр» деген ата-бабаның мұратымен үндесіп, білім берудің маңызын тереңдете түседі.
30 тамыз 2019 ж. 1 564 0