№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » САПАЛЫ БІЛІМ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ АРТТЫРАДЫ

САПАЛЫ БІЛІМ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ АРТТЫРАДЫ


«Білім және Ғылым». Ұстаздар қауымының асыға күткен тамыз кеңесі осы тақырыпта өтті. Айрықша айта кететіні, биыл тұңғыш рет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорда төрінде өткен тамыз конференциясына қатысып, мұғалімдердің мәртебесін арттыруға пәрмен берді. Ұстаздар қауымының мерейін өсірген жағымды жаңалыққа толы тамыз кеңесі Жаңақорғанда да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Келелі кеңесте көптеген ұтымды ұсыныс айтылып, пайымды пікірлер ортаға салынды. Бұл жөнінде сәл кейінірек. Әуелі аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков пен сала басшысы Болат Ибрагимов бастаған топ №110 мектеп-лицейінің фоесінде орналасқан ғылыми-әдістемелік көрмені аралады.
Мұнан кейін акт залға жиналған ұлағатты ұстаздар алдына шыққан аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков барша педагогтарды Білім күнімен құттықтады.
– Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында жаңғырудың негізі адами капиталдың дамуында екені ашық айтылды. Яғни заманауи сын-қатерлерге жауап беріп, бәсекеге қабілетті болудың жалғыз жолы – адами капиталдың сапасында екені даусыз. Бүгінде инновациялық экономика, білім экономикасы ғасырында жоғары деңгейлі маман, өз ісінің шебері кез келген мемлекеттің артықшылығы болып табылады. Сондықтанда тамыз кеңесі – бізге алдағы жүйелі жұмыстарды жоспарлап, атқарылатын міндеттерді пысықтап алуға мүмкіндік береді, – деген Адай Елеусізұлы конференцияға өзі модераторлық етті.
Келесі кезекте аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов жаңа оқу жылына дайындық пен білім беру саласындағы цифрландыру, кадр әлеуеті мен жаңартылған білім мазмұнының бүгіні мен болашағын баяндап берді. Болат Мақсұтұлы хабарламасының әлқиссасын Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық тамыз кеңесінде айтқан жағымды жаңалықтарымен бастады.
30 тамыз 2019 ж. 921 0