№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ КРЕАТИВТІ КӨЗҚАРАС

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ КРЕАТИВТІ КӨЗҚАРАС


«Білім және Ғылым». Ұстаздар қауымының асыға күткен тамыз кеңесі осы тақырыпта өтті. Айрықша айта кететіні, биыл тұңғыш рет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорда төрінде өткен тамыз конференциясына қатысып, мұғалімдердің мәртебесін арттыруға пәрмен берді. Ұстаздар қауымының мерейін өсірген жағымды жаңалыққа толы тамыз кеңесі Жаңақорғанда да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Келелі кеңесте көптеген ұтымды ұсыныс айтылып, пайымды пікірлер ортаға салынды. Бұл жөнінде сәл кейінірек. Әуелі аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков пен сала басшысы Болат Ибрагимов бастаған топ №110 мектеп-лицейінің фоесінде орналасқан ғылыми-әдістемелік көрмені аралады.

Мұнда №54, №229, №160 білім ордасы жаңартылған білім мазмұнына қатысты стенд қойса, №247, №163, №168 мектеп білім берудегі цифрландыру үдерісін дәріске енгізу тақырыбында ізденіпті. Ал аудандық балалармен мәдени-тәрбие орталығы мен №195 мектеп-лицейдің шәкірттері өздері құраған робототехника мен 3D принтердің әлеуетін таныстырды. Қонақтарды қызықтырғаны да үш өлшемді принтердің жұмыс жасау процесі. Тілге сәл ауырлау болғанымен, келешекте бұл компьютер секілді дүние күнделікті өмірде қолданылатын құрылғыға айналары сөзсіз. Жақын болашақта отандық ғалымдар бұл бағыттағы тың жаңалықтарын сүйіншілей жатар. Әзірге аудандық тәрбие орталығының тәлімгері Дастан Кадировты тыңдасақ: 3D принтер. Бұл – суретті үш өлшемді етіп шығаратын құрылғы. Ол сандық үш өлшемді модельді пайдалана отырып, қабаттап шығарады. Яғни, компьютердегі үш өлшемдік суреті бар файлдарды қабылдап, пластик, смола, керамика, металл, тағы да басқа материал қабаттарын бір-бірінің үстіне жинап, тауар жасап шығарады. Негізі сырт келбеті жағынан 3D-принтер қарапайым қағаз басатын құрылғыға ұқсас, ал басып шығаруды мұнда экструдер мен лазер жасайды.
Конференцияның құрметті қонақтары ары қарай аудандық білім саласы қызметкерлері кәсіподақ комитетінің жылдық жұмысын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстармен, балалардың жазғы демалысы мен «Тау самалы» тынығу лагерінің тынысымен танысты. Өз кезегінде «Ақбота», №19 «Раушан», «Жұбаныш», «Нұрай-Қыдыр», «Ақсымбат» балабақшасы өздерінің тәлімгерлік методикасын таныстырды. Әсіресе қонақтарды ұлттық құндылықтарды ұлықтау мен қуыршақ театры және бүлдіршіндердің сөйлеу қабілетін арттыратын тың технологиялар қызықтырды.

Самат ӘБДІШ.
30 тамыз 2019 ж. 1 374 0