№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жүз жылдық жылнама "Жаңақорған тынысына" арнайы "Алғыс" жіберді

Жүз жылдық жылнама "Жаңақорған тынысына" арнайы "Алғыс" жіберді



Бастауын «Ұшқыннан» алған бас басылым ғасырлық тарихында қаншама белесті артқа тастады. Соның барлығында өз оқырманына өз заманының бет-ажары, қоғам мүшелерінің болмыс-бітімі жөнінде байыпты баға беріп, нақты көзқарас қалыптастыра аларлықтай қуатқа ие ықпалды да, беделді құзыретінен танған емес. «Социалистік Қазақстан» кезінде де бүкіл совет адамына тән сенімді асқақтатып, ар, адалдық, ұждан секілді адамдық өлшемінің әділ таразысы талабынан танған жоқ.
Бүгінгі оқырманға егемендіктің жарқын жетістіктер жөнінде шырайлы тіл, мазмұнды мәнерімен жеткізе білген ойының салмағы бар, сарабдал сыншыға тән талғамы бар сауатты да салиқалы журналистер қауымының есімдері де, еңбектері де өте қымбат. Олар: Сүлеймен Мәмет, Анар Тілеуханқызы, Қарашаш Тоқсанбай, Әлисұлтан Құланбай, Жұмагүл Солтиева, Айнаш Есалы, Фарида Бықай, Ержан Байтілес, Баятияр Тайжан және т.б журналистер. Бұл тізімді әрі қарай соза беруге болады. Олардың жазғандарының жатықтығы сондай қалам иелері жан-дүниесімен оқырманға ерекше жақын, тіпті туыс-бауырдай жылыұшырап, жүрегімізде әрбірі өз орнымен қымбат.
Сөз өнерінің қасиеті сол, ол қоғамды ізгілікке бастайды. Егеменнің әр бетіндегі терең екшелген, зерттеп-зерделеніп барып жазылған туындылар дүние төңкеріліп жатса да соның түп-тамырына талдау жасайтын байыпты пікір, басалқы сөзімен бей-берекет байламдарды орнына қойып, бидің шешімінен бір де кем емес мазмұн, мәйегімен бұқараның басын бір арнаға бағыттар уәж басымдығынан бір танған емес. Бұл аузы дуалы, сөзі уәлі деуге тұратын қаламгерлер еңбегінің жемісі.  Елдің сөзін сөйлеуге келгенде «Егемен» Социолистік Қазақстан кезінде де Жоғары соттан да биік тұрып істің ақ қарасын ажыратып, қалың-қазақтың әділдікке жетуіне қаншама рет қорған болып келді. Бұл бағытта әлеуеті мықты, жүрегі түкті Нуридин Муфтах, Александр Тасболатов сынды тарландар халық көңілінің тұғырында тұр.
Қалың оқырманның сүйікті газеті болумен қатар еліміздегі бүкіл баспасөздің қарашаңырағы айналған «Егемен Қазақстанның» ғасырлық мерейтойымен «Жаңақорған тынысы» алғашқылардың бірі болып құттықтап, қаңтар айында «Ұлт мінезінің мінбері» атты мақала жариялады. Қарымды қаламгер Баян Үсейінова бас басылымның өткені мен бүгінің бағамдап, елдің рухани-мәдение дамуында қосқан үлесін саралады. Одан кейін Баян Алаудинқызы «Жүз жылдық жылнама» атты туындыны мерейтойға тарту ретінде жазды. Мазмұнды мақалада сөз өнерінің ұстаханасына айналған ел газетінің беделі мен бедерін, кешегісі мен бүгінің салмақтады.
Дархан Қыдырәлі басқаратын медиа холдинг елдегі жаңалықтарды қалт жібермей, дер кезіңде жауап беріп отырғанымен бізге үлгі. «Жаңақорған тынысының» жаңалыққа ұмтылысын, ізденісін орынды бағалап, ілтипат хатын жолдапты.
Онда: «Мемлекеттік саясаттың барысын, республиканың тыныс-тіршілігін жан-жақты жазып жариялау арқылы елдің үніне айналып отырған «Егеменнің 100 жылдық белесі тұтас қазақ баспасөзінің мерейі деп білеміз.
Осы ретте, жүз жылдық жылнамаға өңірлердегі әріптестеріміздің де үн қосқаны үлкен мәртебе.
Сыр өңірінің жақсы жаңалықтарын, халықтың мұң-мұқтажын, экономикалық көрсеткіштерін ұдайы жазып, жариялап отырған «Жаңақорған тынысы» газетінің ұлт руханиятын ұлықтау жолындағы осы қажырлы қызметіне зор табыс тілеймін», – деп құрмет білдірді басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.
Елдің үніне, ұлттың мінберіне айналған республикалық газеттің ілтипаты бізді шабыттандыратын ақиқат. Бұдан ббас басылым мен аудандық басылымның ілтипат пен ізет үндестігін көруге болатындай.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
18 тамыз 2019 ж. 671 0