№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰЛТТЫҚ КЕҢЕС ҮМІТТІ АҚТАЙ МА?

ҰЛТТЫҚ КЕҢЕС ҮМІТТІ АҚТАЙ МА?


Мемлекеттік бағдарламалар біртұтас механизмге айналып, халықтық мүддеге қалтқысыз қызмет етуі үшін артық-кемі жоқ, ойға қонымды, кең ауқымдағы тарихи тәжірибеге толымды, әлеуметтің әл-ахуалына сай, нәтижесі мән-мазмұнға бай құрылымда қазығын нықтап, ықыласты іске асқанда ғана жұртшылық оның нақты көрсеткішіне көз жеткізе алады. Өз тәуелсіздігін алған елдің ертеңге нық қадам басуында, мемлекеттілігіміздің нығайып, мәртебесі биіктеуінде ұлттық болмысқа бай баянды өрлеуіміздің өнегесі өзгеше. Оған қалай қол жеткізуге болады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өткен ұлықтау рәсімінде Ұлттық қоғам­дық сенім кеңесін құру туралы алғаш айтқан болатын.


Ұлттық кеңес құрамы жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік саясатқа қатысты өзекті, маңызды тұжырымдар жасап, өз пікір-ұсыныстарымен жүйелі бөлісіп отыруға міндетті.
Қоғам белсенділері мынадай тәртіпке сай іріктелді. Ұзақ уақыт бойы қоғамдық мәселелерді көтеріп жүрген ұлт жанашырлары, нақты бір сала бойынша шұғылданып жүрген кәсіби мамандарды мейлінше кеңірек қамтуға ден қойылды.
Бұл кеңес тұрақты түрде жұмыс істей оты­рып, Президентке үнемі қоғамдағы әртүрлі алаңдататын мәселелерді ескеруге, қоғам өкілдерімен тікелей диалог арқылы пікір алмасу барысында қордаланған міндеттерді және олар­ды шешу жолдарын бірге талқылап, тиімді жолдарына бағыт-бағдар беруге талпынатын болады.
Келесі ұрпаққа мәдениетті мемлекет қал­дырып кету үшін дамудың барлық саласында ұлттық құндылықтарымыздан тіні ажырамаған, бірақ өрісі кең, өркениетті бастамалар қажет.
Оның негізін салуда көпті көрген, көшелі пікір түйген небір сыннан өткен сындарлы тұлғалардың тастүйін талабы, алғы күнге деген сенімді қадамы маңызды.
Ұлттық кеңес құрамына кірген қоғам қоғамдық пікірдің көшбасшылары Бақтияр Тайжан, Данияр Әшімбаев, Берік Әбдіғалиұлы, Мұрат Әбенов сынды азаматтардың бұған дейін де тәуелсіз елдің дара келбетін айшықтауға қосқан азаматтық қолтаңбалары елдің есінде.
Ұлттық Кеңеске мүше іріктеуде жүздеген есімдердің талқыға түскені, соның ішінде барынша туған ұлтына берілген, өмір тарихында тұлғалық, халықшылдық сипаты басым қайраткерлерге таңдау түскенінің өзі Кеңестің болашақ бет-бейнесін, бедел салмағын таразылауға мүмкіндік бе­реді. Қорытындыда, түрлі салада жұмыс істейтін, азаматтық белсенділік танытқан 41 адам мүше болды.
Ұлттық қоғамдық Кеңестің төрағасы – Президенттің өзі.
Кеңесте тек қана саяси мәселелер емес, әлеуметтік мәселелер де талқыланады. Осы бағытта мемлекеттік бағдарламаларды сарап­тап, оның нақты іске асуында адалдық пен шынайылықта жұртшылықпен тығыз байланыста жұмыс атқарып, үкіметтік қамқорлықтардың қаншалықты әділ жүзеге асырылуына ықпалды күшке айналуымен де кеңестің артықшылығы көп. Сол сияқты әлеуметтік желі алаңында айрықша назар аударатын мәселелерді мезгіл мінберінде талқылау сенім кеңесінен мейлінше сергектікті де талап етеді.
Президент құрған Ұлттық Кеңес құрамына мемлекет пен қоғам үлкен сенім артып отыр. Мұндай үмітті ақтау оңай болмайды. Бұл бағытта кеңес хатшысы болып танымал саясаткер, ұлтжанды азамат, бүгінгі таңда Қазақстан Прези­дентінің кеңесшісі Ерлан Кариннің тағайын­далуының өзі ел сеніміне сәуле ұялатып отыр.
Міндет-мазмұны осыменен орайлас, мақсат-міндеті сабақтас жергілікті жерлердегі құрамы сала ардагерлері, кәсіби мамандар, белсенді азаматтардан сараланған Қоғамдық кеңестің қызметіне де тоқтала кетсек. Бүгін де жер-жерде қал-қадірінше жұмыс жүргізіп келе жатқан кеңестің билік пен халық арасында мығым тетікті нығыз ұстап, ел мүддесіне екпін түсіруде ықпалы ерен. Бұл тұрғыдан келгенде бұрын-соңды қоғамға еңбегі сіңген, ары да, қолы да таза азаматтардың өзі де, сөзі де өтімді және осындай елжанды тұлғалар жарқын дамуымызға тірек болары есті азаматтарға есе-есе жауапкершілік жүктесе керек.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
27 шілде 2019 ж. 869 0