№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚОСЫМША ГРАНТ: СЕНІМДІ ЖОҒАЛТПАЙЫҚ

ҚОСЫМША ГРАНТ: СЕНІМДІ ЖОҒАЛТПАЙЫҚ


2019 жылдың 20-30 маусымында Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өтіп, 110 мыңнан астам адам қатысты. Олардың 82 мыңнан астамы шекті балды жинады (50 балл). Кеше "Егемен Қазақстан" газетінде мемлекеттік гранттардың жеңімпаздары жарияланды. Қуаныш пен бірге қайғырған жандарды көрдік. Себебі грант саны шектеулі. Яғни барлығына бірдей грант тиісілі болмайды. Ата-анасы әулетті отбасының талаптысы ақылы оқу оқыр, ал әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары не істейді? Үкімет оның шешімін тапты. 2019-2020 оқу жылына көпбалалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан балалар үшін қосымша 5 мың грант бөлді. Оның ішінде, Қызылорда облысына жоғары оқу орындарына бакалаврға 390 грант қаралды. Енді оған қалай қол жеткізуге болады? Соған тоқталсақ.


Конкурсқа қатысу үшін талапкер ҰБТ шекті балын жинауы қажет. Сосын 21-31 шілде аралығында республикалық конкурсқа қатысып, бағын сынауы тиіс. Конкурс бойынша грантқа ие болмаған көпбалалы отбасыдан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатындағы талапкерлер қосымша берілген 5 мың грантты алу үшін тамыз айының 5-10 аралығында келесі конкурсқа қатысуға жергілікті атқарушы органдарға өтініш бере алады. Мұны елдің бас ұстаз Асхат Аймағамбетов.
Министрдің сөзінше, қосымша гранттар ҰБТ-ның ұпай санына қарай тағайындалады. Ал жеңімпаздардың тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
– Конкурсқа өтініштерді қабылдау мерзімі 5-10 тамыз аралығында, білім беру гранттарын беру 15 тамызға дейін, жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін. Құжаттар Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №10 мекен-жайындағы №9 «Білім-нновация» лицейі базасында қабылданады, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов.
Конкурсқа қатысу үшін алдымен өтініш толдырады. Білімі туралы құжаты (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа), ҰБТ сертификаты, 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қажет. Сонымен қатар талапкерлер көпбалалы отбасынан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар дәрежесінде екендігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.
Арнайы грантқа ие болса өндірістік және өңдеу саласы, инженерия және инженерлік іс, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, агрономия және жаратылыстану педагогикалық мамандықтар бойынша білім алады.

Ардақ РЫСПАНБЕТОВА
03 тамыз 2019 ж. 1 022 0