№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалардың грантқа түсу мүмкіндігі артты

Тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалардың грантқа түсу мүмкіндігі артты

  Тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалардың грантқа түсу мүмкіндігі артты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
ТұÑмÑÑÑ Ñөмен оÑбаÑÑнан ÑÑÒÒан балалаÑдÑÒ£ гÑанÑÒа ÑÒ¯ÑÑ Ð¼Ò¯Ð¼ÐºÑндÑÐ³Ñ Ð°ÑÑÑÑ -
  Телеарнаның мәліметінше, тұрмысы төмен отбасынан шыққан талапкерлерге берілетін гранттар 5-10 тамыз аралығында сарапқа салынады. Білім министрі аз қамтылған және көпбалалы жанұядан шыққан түлектерге 5 мың гранттың қалай үлестірілетінін айтып берді.

   "Осы грантқа ие болу үшін үміткерлер алдымен, 21-31 шілде аралығында өтетін негізгі республикалық конкурсқа қатысып, бағын сынайды. Егер осы жалпы конкурс бойынша көпбалалы және аз қамтылған отбасының түлектері грантқа ие бола алмаса, көмек ретінде бөлінген 5 мың грантқа үміт арта алады", – деді министр.

  Дегенмен осы 5 гранттың бірін иеленуі үшін түлектер ҰБТ-дан сүрінбей, кемі 50 балл жинауы керек. Кейін жергілікті әкімдікке барып, екінші конкурсқа қатысу үшін өтініш беруі керек. Ондағылар талапкердің әлеуметтік жағдайын тексереді. Егер түлек көпбалалы немесе атаулы әлеуметтік көмек алатын жанұяның ұл-қызы болса, 5-10 тамыз аралығында өтетін екінші конкурсқа қатысады. Гранттар еңбек нарығына яғни, сұранысқа ие мамандықтарға сай бөлінеді екен.

03 шілде 2019 ж. 714 0