№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰБТ-ДА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?

ҰБТ-ДА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?

Оқу жылы аяқталып қалды. Алда түлектерді ҰБТ күтіп тұр.  Жалпы, тестте қандай өзгерістер бар? Біз бүгін соны аралап көрейік.

2018 жылы ҰБТ ережесіне аса үлкен өзгерістер енбесе де, кейбір жөндетулер болғаны анық:
1. ҰБТ сертификатымен бірге талапкерге мамандықтар тізімі, оған бөлінетін грант саны және өткен жылғы қорытынды жазылған ақпарат парақшасы беріледі. Бұл талапкерге мамандық таңдауда септігін тигізеді.  
2. Грант санының артуы: 11000 – техникалық салаға, 50000 – өзге салаларға. ҰБТ тапсырмастан бұрын, қос мамандық таңдар сәтте оған сәйкес келетін мамандықтарды талапкер ескеруі тиіс.
3. Егер талапкер ҰБТ-ға маңызды себептермен келе алмаған жағдайда келесі күні өзге тестілеу пунктіне барып, комиссия рұқсатымен тапсыра алады.
4. ҰБТ-ны ақылы түрде қайта тапсыруға болады. Бұл грант алуға мүмкіндік бермесе де, жоғары оқу орнына түсуіне септігін тигізеді.
5. Тест жұмысының қорын 50% жаңғыртты. Егер 2017 жылы олардың саны 80 мыңнан аса болса, 2018 жылы тест саны 120 мыңға жеткен. Оның ішінде 11% – сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары болса,  37%-ы бір немесе бірнеше дұрыс жауапқа ие тапсырмалар.
6. ҰБТ қорытындысына сәйкес талапкерлерге грант бөлінеді. Ал, олардың мемлекеттік не жекеменшік жоғары оқу орындарына бару-бармауын талапкер өз еркімен шешеді. Сәттілік тілейміз, жас түлек!
Массагет.кз.
21 мамыр 2018 ж. 1 331 0