ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОҚУ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қашанда халықтың әлеуметтік жағдайына көңіл бөліп, тұрмыстық ахуалдың түзелуіне жағдай жасауда. Қарапайым отбасы балаларының сапалы білім алып, қоғамнан өз орнын табуы үшін 2018-2019 оқу жылына 205 грант бөлсе, оның 19-ы біздің аудан талапкерлеріне бағытталмақ. Өңір басшысының грантын қалай иемденуге болады? Оған қандай талаптар қойылған? Біз осыны тарқатуды жөн көрдік.
Әлеуметтік осал топтардың балаларын жоғары оқумен қамтуға бағытталған грант жайында білмекке Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Серік Өмірбекке жолықтық.
– Биыл облыс әкімінің грантының саны артты. Бұл ең алдымен, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына үлкен көмек болса, екіншіден өңірге қажетті мамандар даярланады. Міне, Қырымбек Елеуұлы осындай мақсаттарды бір арнаға тоғыстырып, әлеуметтік көмек ұсынуда, – деді.
Биылғы талапкерлерге Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне 9 грант бар. Оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығына – 3, ақпараттық жүйелерге – 1, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығына – 2, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы – 3 грант берілмек. Ал, «Болашақ» университетіне 8 грант беріледі.Нақтырақ айтсақ, 3 грант ақпараттық жүйелер мамандығына, 3 грант есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығына, 1 грант шет тілі, екі пәнге (ағылшын және қытай) және 1 грант дефектология мамандығына беріледі. Сондай-ақ, М. Оспанов атындағыБатыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жалпы медицина мамандығына 2 грант бар.
Сонымен, 2018-2019 оқу жылына бөлінген облыс әкімінің оқу грантына үміткерлерді қабылдау басталды. Қорытындысы тамыз айында жарияланады.
Осы тұста, бұл мүмкіндікке кім ие болады? Құжатты қайда тапсырады? Маманның айтуынша, құжат ауылдық округінің әкімдігінде және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу мекемесінде қабылданады. Аталмыш көмек балалар үйінің түлектеріне, сондай-ақ, жан басына шаққанда орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспайтын отбасының балаларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға, ата-анасы екеуі де зейнеткер болып табылатын балаға, ата-анасының мүмкіндігі шектеулі және ата-анасынан айырылған балаға, оралман отбасы мүшесіне және көп балалы отбасынан шыққан талапкерге берілмек.
Мақпал МАРҚАБАЙ.

Пікір 2