№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ОБЛЫС ӘКІМІ ГРАНТЫ кімге беріледі?

ОБЛЫС ӘКІМІ ГРАНТЫ кімге беріледі?

2013 жылдан бері аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан дарынды талапкерлерге облыс әкімі гранты беріліп, олардың жоғары білім алуына мүмкіндік тууда. Былтырдан бастап грант саны 2 есеге артты. Расында, Қырымбек Көшербаевтың қамқорлығымен 900-ге жуық білімпаз республиканың озық жоғары оқу орындарында аймаққа қажетті мамандықтар бойынша білім алды. Биыл да 205 түлек аймақ басшысының арнайы грантына ие болады. 2019-2020 оқу жылына бөлінген гранттың 23-і біздің ауданның талапкерлеріне бағытталды. Осы тұста, облыс әкімінің грантын кімдер, қалай алуға болады деген заңды сауал туындайды.

  Әлеуметтік осал топтардың балаларын жоғары біліммен қамтуға бағытталған грант жайында білмекке Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Серік Өмірбекке жолықтық.
– Былтыр ауданға берілген гранттың саны 19 болса, биыл 23-ке жетті. Жыл сайын облыс әкімі грантының саны артып келеді. Бұл ең алдымен, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына үлкен көмек болса, екіншіден, өңірге қажетті мамандар даярланады. Осындай мақсаттарды бір арнаға тоғыстырып, әлеуметтік көмек ұсынған Қырымбек Көшербаев жастардың келешегіне үлкен инвестиция құйды, – деді ол.
Биылғы талапкерлерге Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универ­ситетіне 9 грант бөлінген.
Оның ішінде химия пәні мен шет тілдері мамандығы бойынша – 4, педагогика және психология, орыс тілі мен әдебиеті, география, агрономия, археология және этнология бойынша бір-бір гранттан берілмек. Ал, «Болашақ» университетіне 5 грант қарастырылуда. Нақтырақ айтсақ, құрылыс (көпір және көлік тунелдері, метрополитендер), көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру, биология, дефектология және математика мамандығы бойынша білім алуға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар, Дәстүрлі өнер институтына 4 грант бөлінді. Хореография, дизайн, аспаптық орындау, сәндік қолданбалы өнер және халықтық кәсіпшілік мамандығы бар. ІТ-технологиясы мамандығы бойынша Астана Халықаралық университетіне 2 грант бөлінсе, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жалпы медицина мамандығына 3 грант қаралды.
Сонымен, ҰБТ көрсеткіші белгілі болды. Енді 2019-2020 оқу жылына бөлінген облыс әкімінің оқу грантына үміткерлер құжаттарын жинай беруіне болады. Өйткені, шілде айының 20-нан бастап құжатты қабылдау басталады. Қорытындысы тамыз айында жарияланады.
Осы тұста, бұл мүмкіндікке кімдер ие болады? Құжатты қайда тапсырады? Маманның айтуынша, құжат ауылдық округінің әкімдігінде және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу мекемесінде қабылданады. Аталмыш көмек балалар үйінің талапкерлеріне, сондай-ақ, жан басына шаққанда орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспайтын отбасының балаларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға, ата-анасы екеуі де зейнеткер болып табылатын балаға, ата-анасының мүмкіндігі шектеулі және ата-анасынан айырылған балаға, оралман отбасы мүшесіне және көп балалы отбасынан шыққан жастарға беріледі.
– Түлектер қандай құжат тапсыру керек?
– Жеке куәлік, мекен-жай анықтамасы, мүмкіндігі шектеулі жандар болса табыс салығы және т.б. құжаттар жинауы керек. Нақты тапсыратындар болса бізден келіп толық мәлімет алуларына болады. Егер ҰБТ нәтижесі бойынша өздері таңдаған оқу орнының грантына баллы жетіп тұрса, онда бізге құжат тапсырудың қажеттілігі жоқ, – деді ол.

P.S.: Жағдайы жоқ жастарды облыс әкімінің гранттары тетігімен оқыту барлық облыста қаралмаған. Ендеше, жастарға сапалы білім алып, кәсіби маман атанып, елдің дамуына үлес қосуына мүмкіндіктері бар.

Әлібек ЖРЫҚБАЕВ
07 шілде 2019 ж. 4 137 0