№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жаңғыру-жаңаруға бастауда

Жаңғыру-жаңаруға бастауда

                   

-«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізбен озып жүруі яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс» Н.Назарбаев.
Уақыт көші жедел ілгері жылжуда. Нарық жетегінде қоғамда күрделі өзгерістер сана мен ой танымыңды, жаңаша көзқарас қалыптасуға мәжбүрлі ұстанымдарға тәйелдендіруде. Кешегі Кеңестер Одағы кезіндегі тұрмыстар бүгінде жаңаша сипат алды. «Барлық жоспарларды бағдарламаларды жасауға болады. Ең басты мәселе-адамдардың психологиясын өзгерту халықтардың ойлау жүйесі 70 жылдан астам уақыт бойы басқаша бағытта қалыптасып қонды. Жекеменшік дегенді білмейтін ұрпақтың өкілдері өмір сүріп жатыр. Сондықтан бұл өте күрделі мәселе» деп Елбасымыз айтқандай ширек ғасыр өтсе де әлі де ескіні ойлаудан жаңаға жатырқаудан алшақ кете қойған жоқпыз. Рухани жаңғырудың ІІІ-кезеңі бұл заман ағымына икемделу міндетін қойып отыр. Бұл деген айналамызда болып жатқан дүбірлі дүниелерді ой-сана сүзгісінен өткізіп жаңашыл бағыттар бастауын қолдай біліп соған жаңаша көзқарас іс-қимыл қалыптастыру. Бүгінгі халық алдында әрбір отбасы алдында жаңа міндеттер көкжиегі көтерілуде. Біз қазақ бала тәрбиесінде: салт-дәстүр ұстанымына берік халықпыз. Бүгінде осы бағытта бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп оны білімге бейім, өмірге лайықты азамат етіп өсіруге бетбұрыс басталды. Жағдайы барлар балаларын шетел асырып оқытып жатса, ауылдың өзінде қосымша жалдамалы сабақ алуына көңіл бөліп қолға алуда. Болашақ білімді жастар қолында болатынын әрбір отаға түсінікпен қараудың бұл да бір көрінісі болса керек. Жаңақорған қашанда айтулы азаматтар тәрбиелеуде өзінің алтын бесігін құрғатпай ұстап келе жатқан аудан. Осы бір сара жол бүгінгі күні де өз жалғасын табары сөзсіз. Уақыт төрінде байлыққа жетуге басым бағыт ұстаным орын алуда. Рухани байлық туралы ойлану оны қалыптасыру жәйлі жұмыстар жұтаңдамауы тиіс болса осыны түсіну жағымыз құлазып бара жатқандай. «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» деп Елбасымыз айтқан талап әр адамға қастерлі міндет екені анық. Бұлай ой қортудағы басты бағыт жедел алға жылжыған уақытта көштен қалмай ой сана жаңашыл бағыт ұстанымымен ұл-қыз тәлім тәрбиесін бүгінгі күн міндетін түсінуге бұра білуде. Үш тілді білу, 2020 жылға дейін латын алфавитінде игеру тектен тек айтылған мәселе емес. Балдарымыз үш тілді жетік біліп өссе ертең олар басқа дамыған елдермен еркін араласа білетін бәсекеге қабілетті азамат ретінде қазақ елін танытары анық.
Осындай білімді балалардың өмір сүру деңгейі, мәдениеті, білімі жоғары деңгейде болып ел мақтанышына айналары сөзсіз. Алдағы уақытта азық-түлік қымбаттауы, жалпы қымбатшылық өмір сүруді күрделендіре түсері анық. Сондай қиыншылықты ақылды еңбек ұйымдастыра білетін санасы сергек, ойы зерек маман азаматтар тәрбиелеп өсірудің алғы міндеті бүгінгі ата-аналар біздерде екенін мойындауымыз керек. Заман талабын аңғарып бұрынғы қалыптасқан мінезбен салғырттықты сырып тастап жаңа өмірге лайықты отбасы болу аса маңызды өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек» деп рухани жаңғыруда Елбасымыздың атап көрсетуі нақты отбасының міндет айқындамасы. Шындығында біздер кешегі күннің көлеңкесінде өскен алдыңғы буын отбасылары бала тәрбиесіне аса мән бере бермей ағымды өсірдік. Бала тәрбиесінің барлық «борышты» міндетін аналар атқарды. Ұстаз, ақылды аналар тәрбиесінде өскен балалар өз нәтижесін беріп жақсы білімді, тәртіпті балалар өсіп жетілді. Ұрыс-керіс, айқай-шулы отбасында өскен балалардыңда қай деңгейде екенін көріп жүрміз. Демек бала тәрбиесі «не ексең соны орасың» дегендей көп мәселе ата-ана болмысы мен тағлымына байланысты екенін өмір көрсетуде. «Қанымызға сіңген көптеген бағбылар мен таптаурын болған қисық қағидаларды өзгертпейінше, біздің толқында жаңғыруымыз мүмкін емес» екенін рухани жаңғырудың алғы шарты екені көрсетілген. Қоғамда бүгінде жақсы істерге жетелер түрлі шаралар, ақпарат көздері оларды таратып түсіндіріп көрсетіп беріп жатыр. Бұның бәрі Қазақстан отанымыздың өсіп-өркендеуіне лайықты адамдар, ұрпақтар қалыптасуына бағытталған дүниелер. Көргенді көңілге алып, оқығанды, естігенді сана сүзгісінен өткізіп өзімізбен отбасы мен ақыл таразысына салып, болашаққа қарай мақсатты жаңашыл ұстаным қалыптастыру аса маңызды. Бүгінгі бабалар айналада болып жатқан жақсыны көріп, жаманнан алшақ болуға жаңарған ақпараттарға қанық, бұған қосу интернет жүйесіндегі, компьютердегі мағынасыз ойындардан баланы, алшақ тәртіп талабымен ұстауда ата-анағада жеңіл емес. Бұғанда аса қатты мән бермесе болмайтынын ақпарат көздері жиі айтып аңғартып жүр. Аса маңызды осы күрделі іске алғы буын, өздерімізбен бастап жауапкершілікпен қарап бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлер кез келді. Бүгінде қоғам жаңашыл бағыт алса осы ұлы көш жетегінде тұрмыс тіршілігімізде де қанша қиын да қымбатшылық дегенмен ес жиа қояр түріміз жоқ. Үнемдеген әрбір еңбекпен келген қаржы тиімділігіне мән беруде әлі де селқостық басым. Той өткізу, ас беру күннен күнге ысырапшылдық пен даңғойлыққа кетіп бара жатқандай. «Бүгінім бүтін болса, ертеңім елмен бірге», «көппен көрген ұлы той  деген мақалдар мәні бүгінгі уақытқа келе бермейтінін аңғару керек сияқты. Отбасы иелері мен алғы буын ағалар еткен әрбір іс-өткізген шаралар кейінгі буын балдарға тәлім тамырын берерін ұмытпаған жөн ғой деймін. Ел тыныш, еңбегін салған адамдар табыссыз емес, «қолы қимылдағанның аузы қимылдар» кез, жаңаша мәдениетті тұрмысқа әркім өз мүмкіндігімен тірлік етуде. Тапқан табыс оның түпкі нәтижесі, жаңаша рухани байлығымызды баянды ете білсек ғана болашағымызды жарқын ете аламыз. Елбасымыз өз сөзінде: «Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі-орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді» деген ойы ұлағат ұстанымы деп қарасақ. Қазақ атамыз айтқан ғой. Ақтабан айырылғаның ештеңеден айырылмағаның денсаулықтан айырылғаның рухыңнан айырылғаның бәрінен айырылғаның деп ең басты мәселе рухыңнан айырылмай оны жаңартуға белсенді болуда біздің басты мақсатымыз болса керек.
АЛМАС БЕКЖІГІТОВ.
02 тамыз 2019 ж. 530 0