№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢҒЫРУ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

ЖАҢҒЫРУ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласы елдің кемелденуіне, өркениет көшіне бастайтын дара жол. Әсіресе, ұлттық салт-санаға жаңа сапа берудің, өскелең ұрпақты жаңаша тәрбиелеудің тұжырымдамалық негізі. Оның астарында әлемдік технологиялық дамудың жедел қарқынын ескере отырып, бүгінгі қоғамдық сананы әлемдік деңгейге көтерудің кең ауқымды реформалық идеясы жатыр.
Әрине, мұндай басымдықты білім беру ісіне негіздемей тыңғылықты шешімі таппайтыны белгілі. Осыны ескерген Елбасы білім салтанат құрмай тиісті нәтиже болмайтынын ескертті.
– Білімге деген ерекше көзқарас, оны асқан құндылық деп тану – біздің қанымызда бар қасиет. Ендігіде осы қасиет елдік қағидаға, ұлттық мінездің ажырамас бөлігіне айналуы шарт. Өйткені, бұл – қазіргі технологиялық революцияның талабы. Таяу онжылдықта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді деген болжам бар. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды мұншама жедел өзгермеген. Бұл жағдайда мол білімінің арқасында кәсібін тез, әрі қиналмай өзгертуге қабілетті адамдар ғана табысқа жетеді. Осыны түсінгендіктен, Қазақстан білімге бөлінетін қаражат үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатында, – деді облыс әкімі Қырыбек Көшербаев тамыз конференциясында. Әрі ұстаздар рухани жаңғыруда шешуші рөл атқаратынын атады.
Расында, рухани жаңғырудың педагогтер үшін маңызды болуының себебі бар. Жаңғыру – мемлекет пен қоғамды ішінен жаңартудың, адамның санасын өзгерту арқылы елге жаңа сапа берудің әлемде баламасы жоқ, ерекше бағдарлама. Бұл бағдарлама Ұлттық сипатта, бірақ, жеке тұлғалық деңгейде іске асады. Яғни, қоғамдық сана, жеке тұлғалық сананың өзгеруі негізінде іске асады. Олай болса, ұрпақ тәрбиелеу, азамат өсіру, білім беру жұмысымен қатар жүреді. Сол себепті, Рухани жаңғырудың басты тірегі – ұстаздар қауымы.
Бұл ретте, мектеп ұстаздарымен қатар балабақша тәрбиешілеріне де артылар жүк қомақты. Әсіресе, мектеп бағдарламасын игерген балғындар тәрбиелеу талабын орындауда Рухани жаңғырудың басымдықтарын тиімді пайдаланудың артықшылықтары көп.
Бұл дегеніміз, балабақшада бүлдіршіндерге үш тілділікті игертудің жауапкершілігін түсініп, олардың дүниетанымы мен зердесін кеңейтуге көңіл бөлдіреді.
«Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға», деп Хакім Абай айтқандай, ұстаздық жол – бекемдік пен білімділікті қажет ететін даңғыл жол. Мұғалім саналы шәкіртті ұядан баптап ұшыру үшін – терең тарих пен кемел келешекті ойлап, санамен таразылап білім бергенде ғана мақсатқа қол жеткізе алады.
Ал, мұндай өрісті ойды кемелдендіруде Елбасының рухани жаңғыруы идеялық бағдаршам бола алады. Сондықтан, балабақшаларда құжаттан туындайтын басымдарға негізделген семинар-тренингтер мен ашық сабақтар өткізіп, балалардың бәсекеге қабілеттілік қасиетін шыңдауға көңіл бөлген абзал...

Тұмар СҮЛЕЙМЕНОВА.
05 маусым 2018 ж. 3 875 0