Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢҒЫРУ – БІЛІМДЕ

ЖАҢҒЫРУ – БІЛІМДЕ


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртуға маңыз берілді. Құжатта саяси реформа мен экономикалық жаңғырудың мақсаттарына жетуде санамыз ісімізден озып жүруі тиіс екендігі айтылды. Ал, озық ойлы азаматтар мектепте қалыптасатынын ескерсек, орта білім беру жүйесіне айтарлықтай салмақ түсетіні түсінікті-ақ.
Мақалада: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды. Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себептері бар», – деді білім беру саласына қатысты.
Білім – табысты болудың басты факторы. Ол ел жастарының болашағына ғана емес, бүтіндей мемлекеттің дамуына әсер етеді. Сондықтан, оған әрдайым ерекше басымдық берілетіні – түсінікті де.
Ендеше, жаңғыру жолында білім, ғылымға ерекше басымдық берілді.– деген Елбасы «Мәңгілік Ел» болу жолында «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі» екенін айтады. Демек, жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін ұлттық кодын сақтап, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарды бойға сіңірген ақыл-ойы кемел тұлға қалыптастыруға маңыз беріледі.
Бағдарламалық мақалаға мән бере қарасаңыз, елдегі білім берудің бүтіндей жүйесінің, оның ішінде, орта мектеп үшін айрықша «мүмкіндіктер кеңістігіне» айналғанын ұғасыз. Бұл маңызды құжат орта мектептің тәрбие және идеологиялық жұмыстарын жүйелеуге кең мүмкіндіктер ашатынын зерделеуге болады.
Бүгінде Рухани жаңғырудан туындайтын басымдықтарға №52 Б.Аралбаев атындағы мектеп маңыз беруде. Жастардың патриотизмдік сана-сезімін арттыруда өлкетану саяхаттарын жүйелеп, Сығанақ, Көккесене және т.б тарихи орындарға арнайылап бардық. Мектепте жастардың білімділік деңгейі мен рухани көкжиегін арттыратын шаралар ұйымдастырылды. Олардың ішінде, ХХІ ғасыр көшбасшы интелектуалды-танымдық ойыны, «Білімділер бәсекесі» пікір-талас алаңын ерекше атауға болады.
Құндылықтар жүйесінде тек білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана зор табысқа жететінін жақсы түсінеміз. Сондықтан, оқушылардың таным-түсінігі мен парасат-пайымын арттыруға мән беретін боламыз...

Жанна МОМБЕКОВА,
Сүттіқұдық ауылы.
11 маусым 2018 ж. 1 435 0