№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖЕЛІЛІК ЖҮЙЕНІҢ ЖАҢАЛЫҒЫ

ЖЕЛІЛІК ЖҮЙЕНІҢ ЖАҢАЛЫҒЫ

«Баспасөз және байланыс қызметкерлері» күні қарсаңында ауданның телекоммуникация саласында сапалы қызмет жасап келе жатқан «Қазақтелеком» АҚ аудандық филиалының мамандарын төл мерекесімен құттықтауды жөн көрдік. Сонымен қатар, мобильді байланыстың белтемірі сынды жауапты қызметте отырған әріптестер әлеуетіне зер салдық.

Интернет, сымсыз желі – кез-келген мекеменің жұмыс жүйесіне, адамдардың өмір сүру формасына ықпал етуші негізгі күш. Яғни, бүгінгідей ақпарат майданында байланыстың атқарар рөлі орасан.

Жаңақорған желілік-техникалық цехының ұжымы да осындай жүйелі жұмысты жолға қойып, байланыс жұмысының үзілмеуі жолында үздіксіз еңбектеніп келеді. Ұжымның негізгі жұмысын сұрағанымызда:
– Аудан тұрғындары желінің жыл­­­­дамдығына, тиімділігіне қол жет­­кізуге құштар. Аудан бойынша 48 маман 5600 телефон желісіне және 4400 интернет желісі мен 440 АІDI телевизиялық-кабеліне жауапты. Ұялы байланыс, интернет кабельдер жұмыс жасамай қалды деп тұрғындардан өтініш түскен сәттен мамандар сол аймаққа аттанып, бұзылған сымдарды жөндеуге кіріседі. Әсіресе, қысы-жазы биік бағаналардың басында жүріп, желіні байланыстыратын электромонтерлардың еңбегі орасан, – дейді цех басшысы Зейнадулла Өрғараев.



Осындай үздік мамандар қата­рында заман ағымына бейімделіп, тех­нологиялық аппарат­тардың тілін таба білген Шайхыддин Аса­нов, Нұркен Болатұлы, Әмір Ильясов, Бағлан Әлібаев, Асылбек Әбсаттарұлы мен Асылгүл Болат­бекова, Зейнеп Әжібекованы кәсіби мерекеде айрықша атау орынды.
Байланыс мекемесінде жағымды жаңалықтар да жоқ емес. Соның бірі биылғы жылы Жаңарық, Әбдіғаппар ауылының желі бағаналары толы­ғымен жаңартылған. Ал, Жайылма, Қыраш, Қосүйеңкі, Манап, Байкенже мен Машбек, Келінтөбе, Түгіскен ауылдары талшықты желі жүйесіне қосылмақ. Яғни, қандай табиғи құбылыстар орын алса да, өшпейтін, бірқалыпты желі халық игілігіне қолданысқа берілмек. Бүгінде кент және ауылдық аймақтарды қосқанда 27 АТС жұмыс жасап тұр.

Сондай-ақ, байланыстың бас­­шы­­сымен тілдесу арқылы қызмет­керлердің жыл сайын Алматы, Нұрсұлтан қаласына арнайы оқуға барып, кәсібін шыңдайтынын да білдік. Әрқашан халық үшін қыз­мет етіп, байланыстың бағытын бақылайтын сала мамандарының жұмысына мемлекеттік қызмет­керлер ғана емес, қарапайым тұр­ғындар да дән риза.

– Үй телефоны, интернет, АІDI желісі – өміріміздің бір бөл­шегіне айналды. Себебі, балаларымыз желі арқылы түрлі тіл меңгеріп, шың­далып жатыр. Жалпы, бай­ланыс арқылы жаһандағы жаңа­лықпен шағын ауылда отырып-ақ танысудамыз. Мұның бәрі интернеттің қолжетімділігі болса, сол желінің
орнымен басқарып отырған «Қазақтелеком» мамандарының еңбегі зор, – дейді Құттықожа ауылының тумасы Жанар Мәуленова.


Иә, байланысшылардың бүгінгі тынысы осындай. Оларды төл мерекесінде арнайы құттықтаған тұрғындар үздік ұжымның еселі еңбегіне толассыз табыс тіледі.

Ханзада ТӨРЕХАН.


29 маусым 2019 ж. 1 122 0