№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОГРЕСС: ҚЫТАЙ 6G ТЕХНОЛОГИЯСЫН ДАМЫТПАҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОГРЕСС: ҚЫТАЙ 6G ТЕХНОЛОГИЯСЫН ДАМЫТПАҚ

 Бірнеше жылдан бері жаһан жұрты 5G технологиясын сынақтан өткізіп жатқанда, Қытай 6G технологиясын дамытуды ойлауда, деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті.


   Бұл жөнінде Қытай Халық Республикасының индустрия және ақпарат министрлігінің 5G технологиялық жұмыс тобының жетекшісі Су Хин айтты.
   6G-ны дамыту ресми түрде 2020 жылы басталады, ал коммерциялық енгізу 2030 жылға дейін шешімін таппақ. Жалпы, 6G-ны дамыту жөніндегі ғылыми-зерттеу тобы алдағы айларда жұмысын бастайды.
6G желілері жаңа пайдаланушыларға не береді?
Зерттеушілердің сөзінше, деректерді беру жылдамдығы 1 Тб/с болады деп күтілуде. Бұл секундтан аз уақыт ішінде 100-ге жуық фильмдерді жүктеп алуға болады деген сөз.
  Бұған дейін Бейжіңде 5G стандарттағы ұялы байланыстың әлемдегі ең ірі сынама желісі құрылған болатын. Желі ел астанасының Хуайжоу ауданында сынақтан өткізілді. Оны жасауға Қытайдың және шетелдің жетекші мамандары тартылған еді. Қазіргі уақытта олар терминалдарды тестілеуге қажетті жағдай жасаумен айналысуда.
Қазақстанда жоғары жылдамдықты интернет желісі қашен қосылады?
Бұл жөнінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты.
   – Министрлік 2019 жылдың екінші тоқсанында 5G ұялы байланыс технологиясын пилоттық тестілеуден өткізуді жоспарлап отыр. 5G ұялы байланысын пилоттық тестілеу үшін министрлік жиіліктерді іріктеу жұмысын Астана, Алматы қалаларында және Ақмола мен Алматы облыстарында жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, ҚР Қорғаныс министрлігімен келісілген жиілік ресурстары операторлардың біреуіне ғана 5G технологиясын тестілеуден өткізу жеткілікті. Министрлік жуық арада 5G мобильді байланыс технологиясын пилоттық тестілеуден өткізу үшін байланыс операторын анықтауы қажет», – деген еді министр.
Жалпы, әлемдік тәжірибеге қарағанда, ұялы байланыс стандартының жаңа буыны әр он жыл сайын өзгеріп отырғанын көруге болады. Мәселен, 1981 жылы бірінші стандарт -1G, 1992 жылы - 2G, 2001 жылы - 3G, 2010 жылдың аяғында 4G енгізілді.
04 желтоқсан 2018 ж. 927 0