Қазақстанда ұялы байланыс қызметі күрт қымбаттаған
Ұялы байланыс операторларының қызмет көлемі бір жыл ішінде 4,3 пайызға өсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.
Сарапшылардың мәліметінше, осы жылдың төрт айында ұялы байланыс операторлары 73,1 миллиард теңгенің қызметін көрсеткен. Оның 71 пайызы – тұрғындарға көрсетілген қызмет түрлері, бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2,8 пайызға жоғары.
«Қызмет түрлері көлемінің артуы ұялы телефон қолданушыларының саны артуымен және бағаның өсуімен байланысты. Биыл көктемде Қазақсатн Республикасының Tele-2 және Beeline ұялы байланыс операторларының қызмет көрсету тарифы 10 пайызға өсіп кетті. Операторлар абоненттеріне қызмет бағасы қымбаттайтыны жайлы және мобильдік интернет-пакеттердің абоненттік төлемі өсетінін хабарлаған», - дейді сарапшылар.Ұялы байланыс абоненттері 2018 жылдың сәуір айында 26,5 миллионға жетті. Өткен жылы бұл көрсеткіш 25,4 миллион болған. Олардың 50 пайыздан астамы интернет қолданады.