№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Қарны ашқан адамға балық бер ме, қармақ бер"

«Қарны ашқан адамға балық бер ме, қармақ бер"

  Қазақстанның Тұңғыш Пре­зи­денті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жол­дауын­да: «Мен «Жастар – біз­дің болашағымыздың тірегі» деген­ді әркез айтып келемін. Мем­лекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! Біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұм­сап, құлаш сермейтін тұсы осы!» – деген болатын.


  Бұл дегеніміз мемлекеттің өр­кен­деуі жолында жастардың бар күш-жігерін аямай атсалысуы керектігін білдіреді. Жастарды қол­дау – мемлекеттік мүдде. Қол­дап қана қоймай, бағыт бағдар беру – елдік іс.
Осы тұста, Елбасы бекіткен «Жастар жылы» аясында аудан орталығыда «Жаңарған Жаңа­қорған Жастары» еріктілер тобы құрылған болатын. Құрылғалы қоғамдық істерге белсенді атса­лысып жатқан жастардың жұмыс жоспарымен таныспаққа топ жетекшісі Еркінбек Айнақожаевты сөзге тарттық.
– Негізі ерікті жастардың бар мақсаты – туған өлкенің өсіп-өркен­деуіне кішкентай болса да үлесін қосу. «Мемлекет маған не береді?» деген масылдық психо­логиядан арылып, «Мен елім үшін не жасай аламын?» деген ұранды өмірлік ұстаным еттік. Бүгінде мемлекет тарапынан жас­тарға қолдау көп. Тек, ерінбей еңбектеніп, кәсіптің көзін таба білсең болғаны. Айрықша айта кету керек, аудан әкімі Ғалым Әміреев біздің әлеуметтік жоба­ларымызды қолдап, көптеген көмегін көрсетуде. Бұлда болса, жастарға жасалған қамқорлық. Сондықтанда ізімізден ерген өскелең өрендердің ізгі ұрпақ болып қалыптасуына қарлы­ғаштың қанатындай су сепкендей үлес қоссақ деген ниетіміз бар, – дейді Еркінбек Айнақожаев.
Тілдесу барысында ерікті жас­тардың негізгі атқаратын 5 бағытын білдік. Олар; Білім-инновация, қайырымдылық, мәдени-рухани іс-шаралар, қоғамдық жұмыстар, спорттық сауықтыру. Аталмыш бес бағыттың ішіндегі ауқымдысы – қайырымдылық жұмысы. Мұның ішіне, көптеген әлеуметтік бағыт­тағы ізгі істер кіреді. Тұрмысы төмен отбасы мүшелерін жұмыспен қамту, баспана соғу, кәсіпке баулу, тегін киім-кешек үлестіру, азық-түлікпен қамтамасыз ету.
– Елбасының «Болашаққа бағ­­дар: рухани жаңғыру» мақа­ла­сы аясында қазақтың жылу жинау дәстүрі мен асар ғұрпын қай­та жаңғырту. Осы арқылы қоғамдағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған және тұрмысы тұралаған отбасылардың еңсесін тіктеп, баспаналы болуына ұйытқы болу. Өскелең жастарға өміршең өнегелі қайырымдылық істерді үлгі ету. Әрі асар әдісі арқылы дәстүрді дәріптей отырып, жоқ-жітікке пана болу. Шарасыз күй кешкен шаңыраққа демеу болу. Бұл бағытта өткен жылы ел болып, Ақзила Исаметова анамызға 4 бөлмелі баспана соғып берсек, биыл Анар Беласарова анамызды 4 бөлмелі тұрғын үйге кіргізіп, қоныс тойын тойладық. Мұның бәрі қалталы кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындардың «садақаны сауыңда бер» деген ұстанымды жанына серік ете білгендігінен жүзеге асып жат­қан жобалар, – дейді ерікті жас­тар көшбасшысы Еркінбек Айнақожаев.
Қайырымдылық бағытының тағы бір жобасы – «Қармақ» деп аталады екен. Яғни, шығыстың «қарны ашқан адамға балық бер ме, қармақ бер» деген нақылынан туындаған. Бұл жоба аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы мүшелерін кәсіпке баулу. Қолынан қандай іс келеді? Неге бейімі бар? Міне, осыған әлеуметтік сауалнама жүргізіп, кондитерлік өнімдер пісіруге қабілетті болса, әуелі қысқа тәжірибеден өткізіп, қажетті құрал-жабдығын алып беруге ұйытқы болу. Не тігінге қабілеті болса, тігін машинасын сатып алып беріп, келешегіне бұйым боларлық бизнеске баулу. Аяғынан тұрып кеткенше, демеу болып, өз балығын өзі аулап жеуіне мүмкіндік жасау.
Бұл жөнінде ерікті жастардың «Ордакент» үйінен ашқан «Qamqor» әлеуметтік дүкенінің жетек­шісі Наржан Молдабеков айтып берді. Оның айтуынша, тек тұр­мысы төмен отбасыларды тегін киім-кешекпен қамтамасыз етіп қана қоймай, осы орталықтан киім алғандардың әлеуметтік карта­сын жасап, олармен кері байланыс орнату екен. Міне, аталмыш «Қармақ» жобасына осы орталықтан сауалнама жүргізеді. Киім-кешек алған әрбір тұрғынмен тілдесіп, жұмысы бар ма, жоқ па? Қандай кәсіпке бейімі бар? Не болмаса, үйдегі отағасының және ұлының дәнекерлеу, жиһаз құрастыру сынды өнері болса, оларды да тәжірибеден өткізуге жолдап, кәсіп үйренуіне ұйықты болу. Бүгінгі таңда, бірқатар көп балалы аналар тігін мен кондитерлік өнім пісіруге қызы­ғушылық танытып, үйренуге ықылас танытып отыр екен.
Сондай-ақ жақында ғана, ерік­ті жастар спорттық сауық­тыру бағытында «Ауылдан – Олимпиадаға» атты спорттық эстафеталық жобасын жүзеге асырғаны белгілі болды. Жоба мақсаты – Жаңақорған өңірінен шыққан спорт саңлақтарын ауыл­дарға тарта отырып, елдімекен жастарын салауатты өмір салтын ұстанып, патриоттық жігерін асқақтату. Осы орайда, еркін күрестен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Жастар арасын­дағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Бейжің олимпиа­дасының қатысушысы Жасұлан Мұхтарбекұлын Сүттіқұдық ауы­лы­на алып барып, шеберлік сағатын өткізуге ұйытқы болыпты. Ауылдағы спорт кешені директоры Гүлжайна Рысбаеваның айтуынша, бүгінде еркін күреске қатысушы шәкірттер саны – 200-ге жетіпті. Өз кезегінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері Жасұлан Мұхтарбекұлы 3 сағат ауыл жастарына күрестің қыр-сыры мен тың тәсілдерін үйретіп, келесі эстафетаны Азияның үш дүркін чемпионы, Лондон олим­пиадасының қатысушысы Дәулет Ниязбековке жолдады. Айта кету керек, ерікті жастардың спорт бағытындағы жұмысын үйлестіруге Қайрат Оралбеков аға­мыз бен Шыңғыс Азнабаев жетек­шілік етеді екен.
Жалпы, «Жаңарған Жаңақор­ған Жастары» еріктілер тобының жұмыс жүйесімен Еркінбек Айна­қожаев қысқаша таныстырды.
– Біріншіден, «Білім-инновация» бағытында алдағы уақытта семи­нар-тренинг, оқушылар ара­сында шығармашылық байқаулар мен олимпиадалар ұйымдастыру. Екін­шіден, Руханият бағытында ел ағалары мен зиялы қауым өкіл­дерінің жастармен кездесуін ұйымдастыру. Барша мұсылманның қасиетті айы Рамазан, Құрбан айт мейрамдарында орталық алаң­да мәдени-көпшілік шаралар өткізу. Сол күндері тегін маршрут, тегін такси секілді өзге де қайы­рымдылық шараларына ұйытқы болу. Оған қоса, ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті арт­тыруға бағытталған «Анаға хат» шығармашылық байқауын өткіздік. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына тарихи орын­дарға экскурсия ұйымдастыру жоспарда бар, – дейді Еркінбек Айна­қожаев.
Қорыта айтқанда, мемлекет әу-бастан-ақ халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауды назар­дан тыс қалдырған емес. Үкімет үнемі әлеуметтік жаңғыру үдерісін қолдап, жыл басынан Елбасының «Әлеуметтік қам­қорлық» кешенді жоспары аясында тындырымды жұмыс атқа­руда. Енді міне, Президент бас­тамасына қолдау көрсеткен «Жаңар­ған Жаңақорған жастары» еріктілер тобы да тұрмысы тұралаған отбасыларға демеу болып, азаматтық ұстанымдарын іспен көрсетуде. Бұлда болса, қуанарлық жай. Өйткені, қазіргі қоғамға қайырымдылық пен жылы сөз ауадай қажет. Кенттегі аудандық орталық мешіт, «Қум саһаба», «Хисамиддин Сығанақи» мешіті жастарынан құралған ерікті топтың алдыға қойған мақсаты айқын. Ел келешегінің кемел болуына, иманды һәм ибалы ұрпақ­тың қалыптасуына себепкер болу. Әрине, 5 бағыттағы жоба­лардың жүзеге асуына жергілікті жомарт жандардың көмегі де қажет. Себебі, көпшілік шара қар­жылай қолдаусыз өнбейтіні тағы бар. Әзірге кенттегі 3 мешіттің имамының келісімімен аға буын өкілдерінен комиссия құрылып, сауда орталықтарына садақа жәшіктерін қойған. Түскен қаржы тиынына дейін есептеліп, қайырымдылық бағыттағы шараларға жұмсалуда екен. Бүгінгі таңда «Жаңарған Жаңақорған жастары» еріктілер тобы қоғамдық қор ретінде құжаттарын жинастырып, облыс­тық Әділет басқармасына тіркелу үстінде. Келешегі қоғамдық қор ретінде қоғам өміріне белсенді араласып, әлеуметтің әлеуетінің артуына тынбай қызмет ететін болады.

Әбдісамат ӘБДІШ.
18 маусым 2019 ж. 1 233 0