» » » «Жастар жылы» жаңа белестердің бастауы

«Жастар жылы» жаңа белестердің бастауы

Кез-келген мемлекеттің болашағын жалғайтын жастар. Өйткені, жастары жігерлі ел ғана болашаққа даңғыл жол салып, биік белестерді бағындырады. Осыны ескерген Елбасы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Бұл – біздер үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы.

Мемлекет басшысы «Еліміздің болшағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тілегі мен арман мұрьтына байланысты. Олар ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерімізді жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын дамытуға, жігерлене ел үшін еңбектенуге міндетті...» деген еді. Демек, жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамды алға жылжыта алады. Ал, ол үшін жастарға қолдау қажет. Міне, Президенттің көздегені де осы. Жаңа заманның мұраты – жастардың білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты. Осы себептен, біз ел жастары туған жерді түлету жолында Ұлт көшбасшысының әр бастамасына өз тарапымыздан қолдау көрсетіп, алға қарай ұмтылуымыз керек.

Нұрсұлтан БИТАСОВ.
23 қаңтар 2019 ж. 1 336 0