№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » САУЛЫҚТЫҢ СЫРЫ САУМАЛДА

САУЛЫҚТЫҢ СЫРЫ САУМАЛДА

    Ел ертеңіне көз салсақ, бүгінгі аға буынның келесі ізбасары – жастар. Сайып келгенде, жас буынның бойындағы белсенділік, жаңа бастамашылдық – өсудің, өркендеудің нақты көрінісі. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан жастар қауымын жұмыспен қамту мақсатында бірқатар бағдарлама қабылданды. Соның бірі «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы нәтижелі жұмыс өрнегін көрсетуде. Міне, осы жаңашыл жоба Келінтөбе ауылы жастарының жаңадан кәсіп ашып, еңбек етуіне даңғыл жол ашты. Стартап жобасына қолдау тапқан келінтөбелік көшбасшы Айдана Қалжігітова бүгінде «Саумал – рахмет үшін» жобасы аясында жұмыс жасауда. Әрине, «алмақтың да салмағы бар» демекші, әрбір құнды құжаттың соңында сұрауы бар. Яғни, мемлекет жасаған қамқорлықтың қайтарымы болуы тиіс. Бұл тұрғыда Айдана бастаған жігерлі жастар командасы бірауыз «рахмет» үшін бие сүтін тұрғындарға тегін үлестіруді бастап кетті. Мақсаты – 6 айда 80 отбасын қамтамасыз ету. Әрине, бірінші кезекте, тұрмысы тұралаған, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы мүшелері тегін алады.
– Жасыратыны жоқ, мал шаруашылығы десе көз алдымызға бірден егде адамдардың елестейтіні рас. Өйткені, бүгінгі жастардың көбі мал өсіргенді, оны бағып-қаққанды бейнетті кәсіп санайды. Қиындығынан қашады. Алайда атакәсіпке адалдық танытып, мал шаруашылығымен шұғылданып жүрген жастар да жоқ емес. Біздің жобада 5 адам жұмыс жасаймыз. Жылқыны бағып-қағуды, қора-қопсыны тазалауды Сұлтанбек Оразбек қолына алса, Ұлдана Абдирова мен Асылзат Бабажанова бие сауады. Ал Жазира Құрманбекова оператор. Сондай-ақ бағыт-бағдар беріп, ақыл-кеңесін аямайтын ментор Арайлым Исматова. Міне, осы топ мүшелері жұдырықтай жұмылып, жобаны жүргізудеміз, – дейді жас көшбасшы Айдана Қалжігітова.
Сонымен қатар ол осындай кәсіп бастауға мүмкіндік жасаған «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасына алғысын білдірді. Себебі, кәсіп жасап қана қоймай, 80 отбасыға қайырымдылық мақсатта саумал тарату бұл бір жағынан сауапты іс екенін жеткізді.
– Қаншама жанның дертіне шипа, деніне саулық беруіне біздер қашанда тілекшіміз. Өздеріңізге белгілі, қымыз – дерттің дауасы, саумалы – емнің шипасы. Саумал қымызды ем ретінде буын ауруларына ішсе тіптен пайдалы. Міне, осындай мың бір дертке шипа болатын жаңашыл жобаны ауылда жандандырып жатқанымызға қуаныштымыз. Оған қоса, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтуға тамаша мүмкіндік, – дейді Айдана Қалжігітова.
Иә, жастарды қолдау – мемлекеттік мүдде. Қолдап қана қоймай, бағыт бағдар беру – елдік іс. «Бірлескен істе береке бареке бар» демекші, жастар қауымы осылай жұдырықтай жұмылып, ауданның кемел келешегі бағытында жемісті жұмыс атқарса, алынбайтын асу жоқ. Мемлекет әсіресе, креативті жас буыннан көп үміт кетеді. Әрі оған қамқорлығын да аяған емес. Аға ұрпақтың жасампаз істерін жалғастыруда жалынды жастарға жүктелер жүк жеңіл еместігі айқын. Бұл бағытта келінтөбелік креативті жастардың да қосар үлесі қомақты.

Әбдісамат ОҢҒАРҰЛЫ.
06 қараша 2018 ж. 1 237 0