№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАЛЫНДАЙ БЕР, ЖАСТЫҚ ШАҚТЫҢ ЖІГЕРІ

ЖАЛЫНДАЙ БЕР, ЖАСТЫҚ ШАҚТЫҢ ЖІГЕРІ

  Ел ертеңіне көз салсақ, бүгінгі аға буынның келесі ізбасары – жастар. Сайып келгенде, жас буынның бойындағы белсенділік, жаңа бастамашылдық – өсудің, өркендеудің нақты көрінісі.
 Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан жастар қауымын жұмыспен және тұрғын үймен қамту мақсатында бірқатар бағдарлама қабылданды. Оның ішінде; «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға», «Жастар кадрлық резерві» тағысын тағы. Енді міне, Елбасы Жарлығымен 2019 жыл – Жастар жылы болып жарияланды. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын», – деген болатын.
   Осы тұста, Президенттің 2019 жылды – «Жастар жылы» деп жариялануына байланысты кенттегі орталық алаңда «Келешектің жарқын келбеті жастарда» атты қолдау шарасы өтті. Бірінші кезекте, сахнаға шыққан мәдени демалыс кешендерінен құралған «Үгіт-насихат» тобы еліміздің бүгінге дейін жеткен жетістігі мен Елбасы Жолдауынан туындаған басым бағыттарды атап өтті. Мұнан кейін көпшілік алдына шыққан «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев құттықтау сөзін арнады.
   – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған Жолдауында қоғамның барлық саласы бойынша маңызды мәселелерді көтере отырып, мемлекет алдына кезек күттірмейтін нақты міндеттерді қойды. Елді бірлесе еңбек етуге шақыра келе, Елбасы мемлекеттің одан әрі нығая түсуінің айқын жолдарын көрсетіп берді. Бұл өз кезегінде бұқара халықтың үлкен қолдауына ие болды. Әсіресе, қоғамның қозғаушы күші саналатын жастар қауымын қолдау мақсатында 2019 жылды Жастар жылы ретінде жариялады. Баршаңызды осынау жігер берерлік мерейлі жылмен құттықтаймын, – деді Мәжит Балқожаев. Әрі бір топ жаңақорғандық жастарға аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасы Ғалым Әміреевтың «Алғыс хатын» табыстады.
Одан әрі аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» үйлестіруімен жалынды жастар флешмоб биледі. Осылайша, «Жастар жылына» айрықша қолдау білдірген аудан жастары әннен шашу шашып, мың бұрала би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.

                                                                                                                                               Самат ОҢҒАРҰЛЫ.

22 желтоқсан 2018 ж. 1 123 0