№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚҰРМЕТ БИІГІНЕН КӨРІНДІ

ҚҰРМЕТ БИІГІНЕН КӨРІНДІ

   Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі мен ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін жерлесіміз Қалаш Басқожаев «Ұлттық Медициналық Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің «Алтын дәрігер» төсбелгісімен мараптталды. Кәсіби мереке қарсаңында облыс төрінде марапат биігінен көрінген байырғы дәрігер – әр жылдары Жаңақорған ауданында денсаулық саласында басшылық қызмет етті. Ол басқарған ұжымда сырқаттарды емдеу және сауықтыру жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып қана қоймай, мекеме мүмкіндігі бүгінгі заманауи технологиямен жарақтандылырып, жылма-жыл жетілдіріле түсті. Мерейлі төсбелгісін қарашаңырақ редакцияға ала келген Қалаш ағамызбен аз-кем тілдесіп, бүгінгі ахуалын сұрадық.

Бүгінде «Нұр-Сұлтан» қаласының тұрғыны, «Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы» Қалаш ағамыз туған өлкеге жиі келіп тұрады екен. Ағайын-туысты зиярат етіп, туыстық қарым-қатынасты жалғап жүреді.
Бірінші кезекте, жерлесіміздің жүріп өткен еңбек жолына тоқталсақ. Ағамыз ең алғашқы қызмет жолын аудандық аурухананың балалар бөлімі меңгерушілігінен бастаған. Кейіннен аудандық бас балалар дәрігері, аудандық амбулаториялық, поликлиника меңгерушісі, лор дәрігері, аудандық медицина қызметкерлері кәсіподақ комитетітінің төрағасы, 1985 жылдан зейнет жасына шыққанша аудандық турберкулезге қарсы күрес аурухана бас дәрігері болып абыройлы еңбек етті. Елге еткен еңбегі еленіп, «КСРО Медицина ісінің үздік қызметкері», «Еңбек ардагері», «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» төсбелгілеріне лайықты деп танылған.
Қалаш ағамыз сол уақыттардағы нәтижелі жұмысты былайша еске алады.
«Ұлт саулығы – мемлекет байлығы. Сондықтан аурудың алдын алу біз үшін өте өзекті болып табылды. Келешек ұрпақтың баянды болашағының кепілі болып табылатын денсаулық мәселесін жетілдіру – біздің дәрігерлік борышымыз еді. Осыны сезінгендіктен бе, стационарлық, амбулаториялық емдеу, егу, ауруларды алдын алу профилактикалық байқау жұмыстары бір ізге түсіп тұрақтылық қалыптасты. Мәселен, 1978 жылы 100 мың адамға шаққанда аурушаңдық – 143,7, сырқаттылық – 864,8 адам болса, 1985 жылы аурушаңдық – 70,2, ал, сырқат – 337 адамға дейін, яғни, ауру 2 еседен астам азайды, – дейді өткенді еске алған Қалаш Басқожаев.
Осындай жемісті жұмыс үшін аурухана ұжымы 1987-90 жылдар ішінде «Коммунистік екпінді еңбек ұжымы» атағын алыпты. Бұлда болса, сол уақыттағы еңбектің еленгені.
Ел ағасы сөз арасында туған өлкеге деген сағынышты қолына қалам алып, тебірене отырып, қағаз бетіне жыр шумақтарын түсірумен басады екен. Зейнеткерлікке жасқа шыққанан кейін «Айтылмаған ән...» және «Аяқталмайды ән» атты қос бірдей еңбегі жарық көріпті.
– Бұл кітап туған жер топырағының тумалары мен асыл жарымның аманатына арналған еңбек. Олай дейтінім, марқұм Құралай апаңның «Ел туралы естелік жазсам» деген алғаусыз арманы болатын. Яғни, қаймағы бұзылмаған ауылдағы саф дәстүр сабақтастығын кейінгі жас буынға жеткізу еді. Шағын ғана елдімекеннен қоғам қайраткері, ғалымдар, мәдениет майталмандары түлеп ұшты. Міне, осының бәрі кітап болып қағазға басылса, өскелең ұрпаққа өнеге болар еді деген ниетін ауырып жатқанда аманаттады. Шүкір, 2009 жылы көптен күткен асыл арман орындалып, туынды баспадан жарық көрді. Онда алыстағы шағын ауылдың тынымсыз тірлігі мен тұғырлы тұлғаралар, дос-жарандар мен Құралай жайлы естеліктер кітап тақырыбына арқау болды. Кейіннен 2017 жылы «Аяқталмайды ән» атты кітабым жарық көрді, – дейді шығармашылыққа жаны құмар Қалаш ағамыз.
Осылайша, өзінің саналы ғұмырын аудан медицинасының серпінді дамуына үлесін қосқан Қалаш Басқожаев «Медицина қызметкерлері күні кәсіби мерекесінде алтын қолды дәрігер «Алтын дәрігер» медалыне лайықты деп табылды. Туған өлкенің тарту еткен мұндай марапатын ағамызда елге еткен еңбектің есесі деп қабылдады.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
15 маусым 2019 ж. 1 063 0