№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

ҰМЫТЫЛМАС БЕЙНЕ


ХХІ ғасырдағы ұлттық санамыз туралы ойларын ортаға салды, яғни жаңа тарихи кезең басталғанын жария етті. Тәуелсіздік жылдарында талай биік белестерді бағындырып, өткенімпізді саралау, бүгінімізді бағалау арқылы болашаққа бет бұрдық. Халықтың сана-сезімі мен дүниетанымы да түбегейлі өзгеруде. Ұрпақтар сабақтастығы да біздің баршамыздың алдымызда тұрғын ұлы міндеттердің бірі. Өйткені, бүгінгі жас ұрпақ аға буын өкілдерінің адами болмысынан, қоғам үшін жасаған ерен еңбектерінен үлгі алып, солардан алған тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге негізінде қалыптасулары тиіс. Денсаулық сақтау саласында қалтқысыз қызмет етіп, елдің ыстық ықыласына бөленген сала ардагерлерін қашанда мақтан тұтамыз.
Денсаулық сақтау саласында 40 жылдан аса уақыт қажымай еңбек етіп, өзіндік орнын қалыптастырып, халықты емдеу ісінде ерекшелігімен елдің есінде қалған осындай тұлғаларымыздың бірі - жақында ғана дүниеден озған білікті дәрігер-терапевт Шалабаев Әлжан ағамыз еді. Әлекеңнің бойындағы асыл қасиеттері мен шынайы еңбекқорлығына тәнті болатынбыз. Әлжан ағамыз Ақтөбе медициналық институтында кәсіби білім алып, 1964 жылдан бастап кешеге дейін ауданымыздың денсаулық сақтау саласында абыроймен еңбек етті. Терапевт-дәрігер ретінде біліктілігімен көзге түсіп, ізденімпаздығымен, жоғары жауапкершілігімен талайды мойындатты. Әлекең өзінің еңбекқорлығы мен біліктілігі арқасында халықтың ыстық ілтипатына бөлене білді. Әлжан ағамыз Алматы, Ленинград, Баку, Ташкент қалаларында екі-үш айлық оқу курстарында болып, біліктілік арттырып қайтты. Жұмыста қабілеттілігімен, көпшілділігімен, іскерлігімен ерекше көзге түсетін. Шалабаев Әлжан ағамыз қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. 1975 жылы Алматы қаласында өткен ІІ терапевтер съезіне, 1981 жылы Целиноградта өткен ІІІ терапевтер съезіне делегат болып қатысып қайтты.
Әлжан ағамыз аудандық әскери комиссариаттағы әскери комиссия құрамында болып, әскер қатарына шақырылған жасөспірімдердің денсаулығын жіті тексеру жұмыстарына лайықты үлес қосты. 1965-1985 жылдар аралығында терапия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Сала жұмысындағы ерен еңбектері ескеріліп, 1985-1997 жылдар аралығында аудандық емхананың меңгерушісі болды. Әлекең зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін халық денсаулығын жақсарту жолында қажымай тер төкті, аянбай еңбек етті. Сондықтан осындай еңбекқор, болмысы бөлек аға буын өкілдерінің еңбек жолы бүгінгі жас ұрпақ өкілдеріне үлгі-өнеге болары сөзсіз. Әлекеңнің ұлт саулығы жолындағы жасаған ерен еңбектері мен өнегелі өмір жолы біздің жадымызда сақталады.  

Талғат Аблаев,
денсаулық сақтау саласы ардегерлерінің
бастауыш ұйымының төрағасы.



10 қаңтар 2018 ж. 1 438 0