№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » КӨПТІҢ ІЛТИПАТЫНА БӨЛЕНГЕН ДӘРІГЕР

КӨПТІҢ ІЛТИПАТЫНА БӨЛЕНГЕН ДӘРІГЕР


Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса ақ халаттылардың көмегіне жүгінетініміз рас. Демек, халық денсаулығының мықты болуы – медицина саласында еңбек етіп жүрген дәрігерлердің қолында. Осы тұста, ауданның денсаулық сақтау саласында жемісті еңбек етіп, көпшіліктің алғысын арқалаған дәрігер Айжан Шалтаеваның өнегелі еңбегі жайында тоқталғанды жөн көрдік.
Сырқат жанның дертіне шипа, еміне дауа таба білген дәрігер өмірінің 20 жылдан астам уақытын халық денсаулығын сақтап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арнап келеді. «Дені саудың – жаны сау» ұранын берік ұстанатын дәрігер емдеу саласында жемісті еңбек етіп жүр.
Айжан Шалтаева Сунақата ауылының тумасы. Ол Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 2000 жылы аудандық орталық ауруханада нарколог-психиатор болып бастап, білікті мамандармен тәжірибе алмасып, дәрігерлік жолды бастайды. Одан кейін осы мекемеде терапевт-дәрігер қызметін атқарады. Бүгінде жалпы тәжірибелік дәрігер қызметін абыроймен арқалауда.
– Жалпы, медицина қызметкері – кең ұғымдағы мамандық. Бұл саланың жауапкершілігінің ауырлығы сондай, әр жұмысымыздың өтеуі адам жанымен парапар. Сондықтан, әр аурудың асқынбай тұрып, алдын алуға тырысамыз. Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында айтқандай, медицинаны аурудың алдын алуға бағыттап, халыққа әр алты ай сайын уақытылы тексерістен өтудің маңыздылығын түсіндірудеміз, – дейді Айжан Қожамқұлқызы.
Қарамағында 1817 тұрғыны бар дәрігер бір күнде кемінде 30-дан аса науқас қабылдайды. Халыққа сапалы қызмет ұсыну үшін біліктілігін арттыру мақсатында әрдайым оқу курстарына барып отырады екен. Ол жылына бірнеше оқуға барып, терапия саласына келген тың жаңалықтар мен жаңа аппараттарды меңгереді. Мәселен, осыған дейін Қызылорда, Алматы, Астана қаласында оқуда болып, біліктілігін арттырып, қосымша «гас­троэнтерология» мамандығын алған. Өзге облыс дәрігерлерімен тәжірибе алмасқан.
– Әр бес жыл сайын деңгей көтеру мақсатында міндетті түрде оқуға барамыз. Оқу барысында медицина саласында болып жатқан жаңа өзгерістерді меңгеріп, өзімізге қажеттіні аламыз. Жалпы, дәрігерлерге қанша ізденсе де артықтық етпейді. Өйткені, адам жанына араша түсу білімділік пен біліктілікті талап етеді, – дейді дәрігер.
Дәрігердің айтуынша, бүгінгі денсаулық сақтау саласы аурудың алдын алу бағытында жұмыс атқаруда. Әсіресе, электронды қызметке баса назар аударылып, медициналық карталардың барлығы электронды түрге көшіп жатыр. Келесі жылдан бастап, тұрғындарға барлық қызмет түрі электронды түрде көрсетілетін болады. Бұл – науқас пен дәрігерді қағазбастылықтан арылтып, уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Сонымен қоса, аудандық емханаға бас дәрігер Сәлебек Ысқақовтың бастамсымен жаңа медициналық аппараттар алыныпты. Мәселен, осыған дейін жүрегінде ақауы бар науқастар «холтер» тәуліктік маниторынан өту үшін облыс орталығына барса, қазір ол құрылғы ауданда да қолжетімді. Сондай-ақ, мойын тамырларын түсіретін УДЗГ аппараты да алынған. Оның көмегіне көбіне қан қысымы ауруларына шалдыққандар жүгінеді. Айта кететін тағы бір жәйт, аудандық емханада кеңейтілген лобороториялық зерттеулер жолға қойылған. Қазір онда қан талдауының бірнеше түрін тапсырып, нәтижесін жылдам алуға болады.

P.S.: Айжан Қожамқұлқызымен дидарласу барысында дәрігерлер үнемі білімін жетілдіріп, заманға сай біліктілікті арттырып, үнемі тәжірибесін кеңейтіп отырса кәсіби маман ретінде көптің ықыласына бөленетініне көз жеткіздік...

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
15 қыркүйек 2018 ж. 1 385 0