ЕРЛІК ҰМЫТЫЛМАЙДЫ, ЕР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ
Жаңақорған болысының Билібай ауылында 1912 жылы дүниеге келген Құдас Жүнісбековтің әулеті кәмпеске науқанынан кейінгі орын алған саяси қуғын-сүргіннен бой тасалап, Өзбекстан арқылы Тәжікстанға барып тұрақтаған еді. 1930 жылы жоғарыға ауа көшкен елдің керуенін күзетіп, көшін түзеген ер-азаматтардың бірі Жүнісбек қарияның ұлы 18 жасар Құдас еді. Қазақ елінде болып жатқан лаң Өзбекстан, Тәжікстанды айналып өткендей. Керісінше, канал қазып, жер шұқынып, мақта еккен шаруашылықтар сырттан келген қол күшіне аса зәру болып шықты. Әсіресе, теміржол стансаларына мақта мен жеміс-жидек, басқа да халықшаруашылық тауарларын тасымалдауға түйе керуенімен барған қазақтарды пайдалану аса қолайлы болды. Ер-азаматтың көпшілігі тіршіліктің тауқыметімен шаруашылықтың сан саласында еңбек етсе, оқуға тек шамасы барлардың ғана қолы жетті. Солардың бір болып Құдас 1936 ж. Душанбе қаласында Қаржы-экономика техникумында білім алды. Ол сияқты оқи алғандардың қатары көп те болмады.
Техникумды тамамдаған Қ.Жүнісбеков 1936-1939 жж. Қызыл әскер қатарына алынып, Душанбе қаласында 20-байланыс эскадронының командирі, 1939-1941 жж. Қорғантөбе облысының Колхозабад және Куйбышев аудандарына аудандық әскери комиссариаттың комиссары болып қызмет істеді.
Құдас Жүнісбеков 1943 ж. қаңтарында 116 атқыштар дивизиясы 548-атқыштар полкы 2-батальонының 5-атқыштар ротасының командирі болып қызмет етті. Осы жылдың 25 қаңтарында Дон майданы құрамында шайқасқан дивизия тегеурінді шабуылға шыққан болатын. Қ. Жүнісбековтің ротасына Яблоновая қырқасына бекінген немістерің қорғанысын бұзып, стратегиялық маңызды аумақты жаудан босату міндеті жүктелді. Осы шайқаста ротаны шебер басқара отырып, ерлік пен жанкештілік танытқан аға лейтенант бекіністі жаудан тартып алды. Шайқас барысында 90-нан 140-қа дейін неміс солдаттары мен офицерлері жойылып, алтауы тұтқынға алынды. Осы ерлігі үшін 20 маусым күні 548-атқыштар полкының командирі подполковник Ищенко, 116-атқыштар дивизиясының командирі генерал-майор Макаров аға лейтенант Қ.Жүнісбековты «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапаттауға ұсынған. Осы ерлігі үшін ол 21 маусым күні кеудесіне алғашқы орденін тақты.
1943 ж. күзінде 116-Харьков атқыштар дивизиясының құрамында 3-атқыштар батальонының командирі болып 3-29 тамыз аралығындағы қырғын шайқасқа қатысқан Қ.Жүнісбеков өзін епті және ержүрек командир ретінде көрсеткен еді. Оның ротасы Белгород және Харьков бағытында осы аралықта 120 шақырым жерді жүріп өтіп, қарсыластың сабы мен техникасына елеулі соққы берді. Рота оның басшылығымен немістердің мықты қорғаныс шептеріне бірнеше рет стратегиялық маңызы үлкен әскери операциялар жүргізді. Солардың бірі Волховец селосының оңтүстігіндегі «Аты жоқ биіктік» үшін болған шайқас еді. Осы шайқаста Жүнісбековтің ротасы немістердің қорғаныс шебіне жақын барып, артилерияның қолдауымен батыл шабуыл жасап, жаудың траншеясына басып кіреді. Нәтижесінде немістер бір взводқа жуық адамынан айрылады, көпшілігі тұтқынға түсті. Шайқас кезінде Қ.Жүнісбековтің өзі қарамағындағы солдаттары мен офицерлеріне батальон командирінің бұйрығын бұлжытпай орындаудың үлгісін көрсетті. 7 тамыздағы Репное селосы үшін болған шайқаста өз ротасымен селоға басып кіріп, оны жаудан босатады. Ал Коротич селосы үшін болған үш күндік шайқаста жаудың тегеурінді қарсылығына қарамастан село жанындағы теміржол бөлігін қорғауда табандылық танытып, солдаттары мен офицерлерін жеңіске деген сеніммен қанаттандыра алды. Осы шайқаста немістердің жаяу әскері мен техникасының қарсы шабуылына өзі жеке үлгі көрсетіп, жауынгерлерді шабуылға бастады. Шайқаста жарақат алғанымен батальон командирінің бұйрығынсыз майдан алаңын тастап кетпеді. Осы ерліктері үшін 1943 ж. 13 қыркүйегінде дивизия командирі Ищенконың ұсынысымен орта дәрежелі офицерлік құрам марапатталатын «Александр Невский» орденімен марапатталды.
Құдас 1944 ж. ауыр жараланып, капитан дәрежесінде елге оралады. 1944-1946 жж. Тәжікстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік Қауіпсіздік комитеті жанындағы сот-прокуратура органдарының сектор меңгерушісі, 1947-1948 жж. Қорғантөбе облыстық партия комитеті жанындағы соғыс комиссариатының меңгерушісі, 1948-1949 жж. Колхозабад аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет істеді.
1950 ж. Тәжістан КП Орталық комитетінің Жоғарғы партия мектебін тамамдап, елдің саяси өміріне белсене араласты. Елуінші жылдары Тәжікстанда су-электр станциялары көптеп салына бастады да, олар Бүкілодақтың екпінді құрылыс болып жарияланды. Солардың бірі Төменгі-Варзобский ГЭС-ін іске қосудағы қажырлы еңбегі үшін тікелей Орталық комитетке қарайтын осы ГЭС партия комитетінің хатшысы Құдас Жүнісбеков Тәжік ССР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталады.
Оның соғыстағы ерлігі жайлы алғашқы болып жаңақорғандық журналист Қазақбай Әлібеков 1968 жылдың 24 ақпанында «Коммунистік еңбек» (қазіргі «Түркістан») газетіне «Абзал азамат» деген мақала жариялаған еді. Воронеждегі шайқаста алыстан атылған зеңбірек оғының жарықшағы Құдастың қолының қарын және жүрек тұсын жарақаттайды. Жарықшақ кительді ойып, гимнастерканың жүрек тұсына тігілген партиялық билетін тесіп өтіпті. Кейіннен осы оқиғаға байланысты дивизиялық газетте Құдас туралы «Партбилет – солдат өмірін қорғады» деген мақала жарияланған.
Екінші дүниежүзілік соғыстың зардабы, халықтың басына үйірілген қайғы-қасіреті аз болмағаны белгілі. Ерлік те, қайғы-қасірет те ұмытылмауы керек халықтың жадынан. Кеңестік кезеңде осыған байланысты «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағида орныққан болатын. Соғыстың қатысушылары, куәгерлері тірі кезде, әрине, бәрі де есте болатын. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда жер жаңа» деген ғой. Ел жаңарды, тарихи жад та жаңарды. Кешегі ақиқат бүгінгі күні көлегейлене бастады, кейбір ескерткіштерді шаң басты, кейбірі жаңарды. «Көзден кетсе көңілден болады жат» деген осы болар.
Бұл күнде соғыс және еңбек ардагері Құдас Жүнісбековтің көзін көргендердің қатарының өзі селдіреп қалған. Құдас көкенің қарулас бауыры Бауыржанның айтатыны бар. «Аспанда Құдай, жерде архив бар. Ешкім де ұмытылмайды» деп. Мына деректерді Ресейдің Қорғаныс Министрлігінің архивінен алып, көпшілікке ұсынып отырмын. Демек, халықтың жады көмескі тартқанымен, архив қорларында сақталған құжаттар ерлік пен елдіктің өнегесіне көлеңке түсірмесе керек!
Ел басына төнген қиын-қыстау кезде айтылған мынадай сөз бар, «Сырды сағалап төменге көшкен ел малмен оралады, жоғарыға көшкен ел салмен оралады» деген. Бозбала шағында елден кетіп, жігіт шағында жат жерде ауа көшкен елге пана болған Құдас Жүнісбеков туған елге Ұлы Отан соғысының майталманы, халық шаруашылығының білікті ұйымдастырушысы болып оралды. Жалғыз өзі емес. Кезінде ауа көшкен елдің етек-жеңін жиып, іргесін бұзбай ауқымдап оралды.
1957 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің арнайы шақыруымен туған елге оралып, 1957-1958 жж. Түркістан ауданы Шаға ауылдық кеңесінің төрағасы, 1959-1960 жж. Жамбыл кеңшарында партком хатшысы, 1961-1968 жж. Түркістан «Киіз үй» фабрикасының бас инженері, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. Тәжікстан мен Өзбекстанда тарыдай шашылып жүрген қаншама шаңырақты елге қосты осы кезде. 1968 ж. соғыста алған ауыр жарақаттан 56 жасында дүниеден озды.
Екінші дүниежүзілік соғыс, ондағы Ұлы жеңіс алыстаған сайын оған деген көзқарас та өзгеріп келеді. Заман да, қоғам да, сонымен бірге адам да өзгерді емес пе?! Қазіргі кезде шетел болып саналатын Тәжікстаннан әскерге аттанған Құдас Жүнісбеков сияқты ардагерлердің есімдері ұмытылып бара жатқандай ма?
Құдас Жүнісбековтің соңында үлкен әулет өсіп-өнді. Үлкен қызы Күлай Шымкент қаласында тұрады, зейнеткер. Қожахмет, Бақбергендер қайтыс болып кетті, Мырзахмет Кентау қаласында тұрады. Кенже ұлы Шаяхмет Түркістанға танымал кәсіпкер, меценат. Олар осы күнге дейін ата қоныс – туған жерінен қол үзген емес.
Ардагердің ұрпағы Бекберген Жүнісбековтің бастамасына қолдау білдірген З.Шермағамбетовке, С.Мұсабаевқа және көшеге есімін беру туралы шешім шығарған аудан басшылығына ризашылық білдіргеніміз де дұрыс болар. Соғыс және еңбек ардагері, гвардия капитаны Құдас Жүнісбеков сияқты туған жердің ер байлығын танытқан тұлғалардың өнегесі бүгінгі ұрпаққа өнеге, келер ұрпаққа тағлым ғой.
Хазретәлі Тұрсұн,
тарих ғылымдарының докторы, профессор.