Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » БЕГАЙДАР ЖАНТӨРЕҰЛЫ АРАЛБАЕВ

БЕГАЙДАР ЖАНТӨРЕҰЛЫ АРАЛБАЕВ

Қазақстанда билік құрылымдарында басшылық қызмет атқарған мемлекет қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны.
1896 жылдың қарашасында Жаңақорған ауданындағы қазіргі Сүттіқұдық ауылдық округі аумағында дүниеге келген. Әкесі Жантөре 1903-1912 жылдары Жаңақорған болыс басқарушылығына қатарынан үш рет сайланған. Атасы Аралбай 1897 жылы әкімшілік-құқықтық реформаға дейін Түркістан уезіндегі Жаманбай болысының Төбе биі болған.
Бегайдар 1905-1909 жылдары Жаңақорғандағы орыс-түзем мектебінде, 1910-1914 жылдары Ақмешіт қаласында қалалық училищеде оқыған. 1917 ж. Ақпан төңкерісіне дейін болыстық, уездік мекемелерде түрлі қызметтер атқарды. Осы жылдың наурызында Уақытша Үкіметтің Ақмешіт уездік кеңесіне қатысады. 1917 жылы қараша айынан Бегайдар Аралбаев Шиелі болысында милиция комиссары болып қызмет істеді.
Перовск жұмысшы, шаруа және мұсылман депутаттары уездік кеңесінің жұмысына қатысады. Қаталдығымен бүкіл Түркістанға белгілі Перовс уездік атқару комитетінің төрағасы Гержодтың қысымымен қызметтен қудаланады. Жаңақорғанда болыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары және жер бөлімінің меңгерушісі, Шиелі стансасында халық соты болып істейді. Сырдария облыстық атқару комитетінің президиум мүшесі, төралқа хатшысы, атқару комитеті Басқару бөлімінің меңгерушісі болды.
1921 жылы 15 қарашасынан Сырдария облыстық атқару комитетінің төрағасы, 1922 жылы Түркістан Орталық Атқару Комитеті президиумының мүшесі, Түркістан Республикасы Ішкі Істер Халық Комиссары, 1924 жылы шілдеден Түркістан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы болып қызмет атқарады.
1924 жылы желтоқсанда Сырдария губерниялық атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 1925 жылдың 15-19 сәуірі ақмешітте өткен Кеңестердің Бүкілқырғыздық (бүкілқазақтық) V съезінде Қазақ өлкелік атқару комитетінің хатшысы болып Бегайдар Аралбаев сайланды.
1928 жылы қазаннан 1932 жылы сәуірге дейін Қазақстан Орталық банкісі басқарушысының орынбасары, 1932 жылғы мамырдан 1933 жылы қарашаға дейін Ақтөбе облыстық банкісінің басқарушысы болды. 1933 жылы 3 қарашада қамауға алынып, «Біріңғай ұлтшылдық орталық басқарған контрреволюциялық ұйымының» басшысы ретінде он жылға бас бостандығынан айырылды. 1935 жылға дейін Карлагтің Бозшакөл учаскесінде, 1943 жылдан Мордва АССР-нің Темников лагерінде айдауда болды. 1946 жылғы наурызда еркіндікке шығады.
1946-1948 жылдары Самарқанд қаласындағы жібек маталар фабрикасының директоры, Ташкент облысы Шыназ ауданындағы №3 асыл тұқымды мал шаруашылығы совхозында мұрап, ферма басқарушы болады.
1948 жылы 27 қаңтарда тұтқынға алынып, Иса Тоқтыбаевпен бірге жер аударылады. 1949 жылы 29 ақпанда Красноярск өлкесі, Енисей ауданы Хохлово поселкесіндегі лагерьдің ауруханасында қайтыс болды.
1922 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Бегайдар Жантөреұлы Аралбаевқа қатысты істің қылмыс құрамында болмауына байланысты өндірістен қысқартып, толық ақталды.
Сүттіқұдық ауылындағы №52 орта мектеп Бегайдар Аралбаев есімімен аталады. Жаңақорған кентіндегі көшеге оның есімі берілді, Жаңақорған ауданы бойынша «ХХ ғасыр адамы» деп танылған.
«Жаңақорған» кітабынан.
16 наурыз 2018 ж. 2 276 0