№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ашаршылық зұлматы жайында

Ашаршылық зұлматы жайында



Атам екі ағайынды болыпты. Рақымбай сосын Рақым*** Інісінің толық есімі есінде жоқ. Өзі 7 жасқа, бауыры 5-ке толған жылы, бәлшебектер - әкесінің бүкіл малын тартып ап, өзін атып тастаған. Ауылдағы ағайын, бәлесінен аулақ деп, қос жетімді асыраудан қорыққан. 
Сол оқиғадан көп өтпей, алыс-жақын ауылдардың баршасын алапат ашаршылық жайлапты. Жаман болыпты! Адам жеу көбейіп кетіпті. Ұйықтап жатқан кісі болса, бауыздап, бүйрегін, сан етін жеп кетеді екен. 
7 жасар атам, інісі екеуі, үй ішінде ұйықтаудан қорқып, сабан шатырға шығып, сонда көз шырымын алып жүріпті: "Сатымен шығамыз, сосын сатыны көтеріп аламыз да, сол пішеннің ішіне кіріп, тығылып жатамыз. Түн ортасында күбірлеген дауыстарды естиміз. Шөп ішіне тығыла түсеміз",-дейді. Бір күні, сатыны көтеруді ұмытып кетіпті...
Әлгі күбірлектер тағы да келген. Сатымен көтерілген. "Сосын шөпті айырмен шұқылай бастады. Үшкір темір, гірш етіп көзімнің астына қадалды. Үн шығармадым. Ақырын істікті саусағыммен ұстап тұрдым. Темірді қайта суырып алғанда, қанымды сүртіп үлгердім. Байқамады. Сосын тағы да шөпті піскілеп жатты. Бір уақытта, інім баж ете қалды. Жанды жеріне кіріп кетсе керек. Анау бәлелер пішен арасын апұл-ғұпыл аршыды да, бес жасар бауырымды жұлқып көтеріп, тау жаққа қарай жүгірді. Артынан шұбыра жүгіргендердің тарсылын естіп жаттым".
7 жасымда, атамның алдында отырып, неге оң көзі жасаурай беретінін сұрағанымда, осылай деп еді. Өзін ақтайды, сосын өз-өзінен жерініп, кінәлайды. Ақтайтыны - 7 жасар баламын ғой, не істей алар ем,-дейді. Кіналайтыны - сатыны көтеруді ұмытып кеттім,-деп өкінеді.
Ашаршылық әркімнің үйін осылай істікпен шұқылады ғой,-деп еді. Алып-қосарым жоқ...
Нұрбек Бекбау
02 маусым 2019 ж. 1 188 0

Ұқсас жаңалықтар: