Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Бармақшы


 Баяғы заманда Бармақшы деген ұры болыпты. Бір жолы Бармақшы байдың қазынасына ұрлыққа кіргенде, оны күзетшілері ұстап алып, байға алып барыпты. Төрде жатқан ұрыны мазақтап:
         — Ей, Бармақшы, сен нағыз ұры болсаң, менің жаман бас көрпемді ұрлап кетші! Егер ұрлап кете алсаң, мен сған ат шапан айып төлейін, ұрлап кете алмасаң, осы қылмысың үшін төлейтін ат-шапаның кешірілмейді, - депті.
         — Бармақшы мақұл болып шығып кетіпті де, кешкі апақ-сапақта байдың бір қойын ұрлап сойып, қойдың жыны төгілмеген бүйенін алып, байдың төсегінің астына тығылып қалыпты.
         Үйдегілер жатып, ел көзі әбден ұйқыға барғанда, Бармақшы төсек астынан шығып, бүйендегі жынды байдың жанбас көрпесіне төге салып, өзі далаға шығып кетіпті. Бай бір ұйықтап оянса, асты жабысып қалыпты. Бай ұйқыда ішім жүріп жатыр екен деп ойлап, бәйбішесіне көрпені шығартып тастапты.
         Ертесі Бармақшы көрпені алып байға келсе, бай уәдеснде тұрмай:
         — «Ұйқы мен өлі тең» деген, шала өліп жатқанда ұрлау – атақсыз ұрылардың ісі. Атақты ұры тапа-тал түсте ұрлайды. Бұл жолғың есеп емес. Нағыз ұры болсаң, ертең күннің сәтіне бәйбішемді алып, қайныма барамын, сонда бәйбішемді ұрлап кет! — депті күліп.
         Бармақшы бұған да мақұл болып, кетіп қалады. Ертесі бай да бәйбішесін ертіп, қайнынына аттанады. Бұларды бағып жүрген Бармақшы байдан бұрын кетіп, жол бойындағы бір ағашқа буынып өлген адам сияқты асылып тұрады.
         Бай келе жатып «буынып өлген» Бармақшыны көреді де, бәйбішесіне: — Бармақшы ұры өлген екен. Елге барып хабарлағанман ,жер алыс, ауылдан ұзап кеттік, жолдан қаламыз, - деп кете беріпті.
         Олар ұзап кеткен соң, Бармақшы ағаштан түсе салып, төте жолмен олардан озып кетіп, жолдағы тағы бір ағашқа өлген адам болып , асылып тұра қалады.
         Бай келе жатып, «буынып өлген»  Бармақшыны көреді де, бәйбішесіне : — Тағы біреу кезікті. Сірә, Бармақшы біреу ме, екеу ме? Мен жолдағы әлгі Бармақшыны көріп келейінші! — деп кері бұрылыа, тұра шабады.
         Осы сәтті күтіп тұрған Бармақшы бәйбішені алып кетеді. Бай жолдағы ағашқа барса, Бармақшы жоқ. Алданғанын біліп, қайта шауып келсе, бәйбішесіне келсе, бәйбіше де, бармақшы да жоқ болып шығады. Бай амалсыз үйіне қайтады.
         Бай үйіне жетер-жетпесте-ақ, артына бәйбішесін ертеп, Бармақшыда келеді. Қанша ойланса да, Бармақшыдан есе қайтара алмасн білген бай:
         — сен Бармақшы емес, алдамшы екенсің. Екеуміздің арамызда болған істі жүрген жеріңе жая көрме! — деп Бармақшыға ат мінгізіп, шапан кигізіп, жолға салыпты.
26 ақпан 2019 ж. 1 037 0