№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өкше неден жарылады?

Өкше неден жарылады?



(Ол қант диабеті немесе гастрит, витамин жетіспеушілігінен хабар береді)

Деректерге сенсек, өкше мен башпай терілерінің құр­ғап, жар­ғақ­танып кетуі әлем халқының 80 пайызында кез­десетін жағдай екен. Бірақ оның 20 пайызы ғана бұған мән береді де, қалғаны өкше пышақпен кескендей терең жарылып, инфекция түсуінен түр­лі­ сырқаттарға ұрынбайынша аяққа күтім жасамайды. Ал негізінде аяқ – адамның бүкіл салмағын кө­теріп жүретін «қара күш» бол­ғандықтан оған ерекше күтім мен демалыс керек-ақ.

Өкшенің жарылуын екі түр­ге бөліп қарастыруға болады. Қы­сы-жазы жарылып жүретін өкше ағзаға витамин жетіс­­пей­тінін біл­діруі мүмкін. Сондай-ақ ол гастрит­ дертінен хабар бе­реді. Қант диа­беті де өкшенің қысы-жазы қа­быршықтана жарылуына себеп. Жылы суға жуып, тиісті ем-дом жасағанмен жазылмайтын мұн­дай жарылу байқалса дәрігер­лік тексеруден өткен абзал.



Өкшенің жарылуы көп жағдайда суды аз ішетін адамдарда кез­деседі. Адам күніне орта есеппен 2-2,5 литрсу ішуі керек. Дегенмен­ бұл «тәр­тіпті» еш­кім қада­ғалай бер­­мейді. Есесіне ағза сусызданып, адам терісі құрғайды. Мұн­дай адамдарға әжім көп түседі. Ұйқы және қалқанша безі жұмысында ақау бар адам­дардың өк­шесінде пышақ­пен кескендей терең тілім­дер болады. Жүргенде өкшеге батып ауыратын мұн­дай жарылуды кетіру үшін ал­дымен жоғарыда аталған ауруларды емдеген жөн.

Ал егер өкше жаз мезгілін­де жарылса, онда аяққа өзгеше күтім жасауға тура келеді. Негізі күннің ыстық сәулесі қызуын жерге сіңі­реді. Ал ол қызуды алдымен аяқ сезеді. Ыстыққа табан терісі құр­ғап,­ жиырылады. Табан те­рісі күйіп, қа­быршақтана бас­тай­ды. Осы өлі теріні күн­делікті жылы сумен жуа отырып алып тастап, аяқ­қа крем жағып тұрмаса ол қатпарланып, тереңірек жары­лады. Бұл жарақатқа микроб үйір ке­леді. Ал оның жақсылық емес еке­ні аян. Ендеше аяққа күтім жасау­дың жөнін біле жүр­геніңіз жөн.

Аптасына екі рет аяқты шым-шым ыстықтау суға салып, 20 ми­нут отырған жөн. Суға аздап сабын немесе со­да­ қосқан жөн. Бол­маса 2 литр суға 1 ас қасық түй­медақ­ гүлін қосуға да болады. Ол аяқты тынықтырып, шаршауды тез басады. Теріні жайландырып,­ нәрлендіреді. Осы­­дан кейін өкше­дегі, башпай ұш­тарындағы жансыз те­ріні арнайы құралмен алып тастап, майлы крем жағу керек.

Жазда жайсыз көрінетін өк­ше­нің жарылуын андыз (девясил) та­мыры немесе жас капуста жапыра­ғы арқылы кетіріп көріңіз. Андыз тамырын жарты литр суға қайнатып, осы тұнбаға малынған дәкені өкшеге орап ұйықтауға болады. Ал таңертең жұқалап крем жағып, мақта-матадан тігілген шұ­лық киген жөн. Жатар кезде капус­та жапырағын сөлін шығара жұм­сартып таңып қойсаңыз тіпті жақсы.

Сулы дәкеге таза бал жағып, онымен өкшені орап қойсаңыз да­ терең жарылудың жазылуына кө­мек­теседі. Ол үшін өкшені жы­лы су­ға салып, балаларға арналған сабынмен жуу керек. Соңыра бал жағып қойсаңыз жа­рыл­ғанды ғана емес, тері саңы­рау­құлағы сынды дерттің алдын алуға да жәрдем болады.

«Ауырмаңыз! газетінен».
18 мамыр 2019 ж. 8 997 0