№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бүйрек дерті инфарктке де себеп

Бүйрек дерті инфарктке де себеп


Нефрологтардың пайымынша, инсульт, инфарк ауруларының туындауына көп жағдайда бүйрек аурулары себеп болып жатады екен. Оның бірнеше себептері бар.
Мысалы, бүйрек жетіспеушілігі кезінде ағзадағы фосфор мен кальций алмасуы нашарлайды. Бұдан тамырларда кальций іркілуі, тромбоз пайда болады. Осы себепті бүйрек дертінен зардап шегетіндердің басым бөлігі инфаркт, инсульт алады екен.
Бүйректің созылмалы аурулары аса қауіпті деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Оны мамандар бүгінде қатерлілігі жағынан обыр, өкпе, қант диабеті ауруларымен қатар қойып отыр. Бұдан бөлек, аталған аурулардың өздері де көп жағдайда бүйректің созылмалы кеселдері туындауына себеп болып жатады екен.
Жалпы, бүйрек – адамның ең күрделі органдарның бірі. Ол артериялық қан қысымын реттейді, гемоглобин синтездейді, су және липидтер алмасуына, қышқыл-сілті тепе-теңдігіне жауапты, иммундық жүйенің кейбір функцияларын атқарады. Сондықтан да бүйректегі қандай да бір қалыпсыздықтың бүкіл ағзаға әсері бар. Ал жағдай ушықса, гемостаз (ағзаның ішкі тұрақтылығы) бұзылуынан науқас өледі. Ал бүйректе туа бітті ақау болған жағдайда ол гормондық, эндокриндік, неврогиндік қалыпсыздықтар кесірінен күшейе береді.
Сондай-ақ зат алмасуының бұзылуынан туындаған семіздік, ағзаға артық май жиналуы да бүйрекке қауіпті. Ұлпалар қан құрамында,ы қантты дұрыс сіңіре алмай, сол себепті инсулин көп түзіледі, ол гипертонияға, диабетке, сосн бүйрек жұмысының бұзылуына соқтырады.
Бүйрекке сонымен қатар аса көп алкогольғ никотин, калориясы жоғары тағамдар, қимыл-қозғалыстың аздығы да ауыр тиеді.
Бүйрек ауруы бірден білінбейді. Ол бүйрек жетіспеушілігі пайда болып, ушыққасын ғана белгі береді. Сондықтан бүйректі уақтылы тексертіп тұрған абзал. Сынамалар тапсыру қажет. Бүйрек ауруының алғашқы белгілері: сынамада альбумин, зәрде ақуыздар анықталады, биохимиялық сынама кезінде қанда креатин мөлшерінің артқаны анықталады. Гипертония, атеросклероз, семіздік, қант диабеті сияқты дертпен ауыратын топтарды скринингтік тексеру кезінде де бүйрек дерті туындағанда бүйрек дерті туындағандарды анықтауға болады. Адам себепсіз тез шаршай берсе, діңкелесе, үнемі сұрланып жүрсе, онда уақыт өткізбей дәрігерге көрінгені абзал.
Бүйрек ауруларының ақауы созылмалы бүйрек жетіспеушлігіне соқтырады. Мұндайға душар болғандарға гемодиализ аппаратымен өмір сүруге немесе бүйрек алмастырып салатын трансплантологтар жәрдеміне жүгінуге тура келеді. Сондай-ақ науқастың құрсақ аумағына арнайы катетер орнату тәсілі де бар. Яғни ол құрсағына алдын-ала дайындаған ерітінді құяды, ол ағзаны улы заттардан тазартады, яғни бүйрек жұмысын атқарады.
Міне, осындай қатерлерге ұрынбас үшін адам өзінің бүйрек саулығына қамқор болуы керек. Біріншіден, дене салмағының қалыптан ауытқымауын қадағалаған абзал. Себебі семірген кезде май жиналып, артық май ұлпалары тамыр тонусын төмендететін компоненттер туындатады. Одан бүйрекке механикалық салмақ түседі, жұмысын қиындатады. Сондай-ақ бірден арықтап кету де қауіпті. Өйткені бүйрек сырты майлы қапшықпен қапталған, адам азып-тозған кезде ол жұқарады да, бүйректі қорға қабілеті азаяды.
Адам ақуызды көп пайдаланбауы керек. Оның артық мөлшері бүйрек жұмысын ауырлатады.
Күніне 2 литр сұйық ішіп тұрған дұрыс. Ол қан айналымына көмектеседі, бүйректе артық зиянды заттар іркілуіне жол бермейді.
Адам кіші дәретк еде дер кезінде шығып тұрғаны дұрыс. Өйткені табиғи сұранысты тежеп, өзін ұзақ тежесе несеп қабында инфекциялар көбеюі мүмкін.
Тәттіні, ащыны, тұздыны, қуырылған тағамды көп жемеу керек. Өйткені бұлар қант диабетіне, артериялық гипертонияға себепкер болады. Ал олар өз кезегінде бүйрек жетіспеушілігін туындатады.
«Ауырмаңыз!» газетінен.
26 наурыз 2019 ж. 1 312 0