№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚЫСЫ-ЖАЗЫ АЯҒЫҢЫЗ ТОҢЫП ЖҮРЕ ДІ МЕ?

ҚЫСЫ-ЖАЗЫ АЯҒЫҢЫЗ ТОҢЫП ЖҮРЕ ДІ МЕ?


"Қысы-жазы аяғым бір жылымайды" деп шағымданатын жандар арамызда баршылық. Бұл ненің белгісі? Аяқ неге жылымайды? Аяқ-қолдың мұздай болуы – қанайналымға байланысты. Бұл – бірінші себебі. Қанайналым адам бойындағы температураны қалыпты жағдайда ұстайды. Аяқ-қол жылымаса, онда анемия, артерия тамырының бір аймағында тұйықталу немесе басқа мәселелер болуы мүмкін. Алаңсыз жүре бермей, дәрігерге тексеріліп, тиісті ем-дом, кеңес алған абзал. Себебі аяқтың ылғи мұздап, тоңып жүруі денсаулықта бір кінәраттың барын анық аңғартады. Аяқтың тоңып жүруі гормондар әсерінен болуы да мүмкін. Зерттеушілердің айтуынша, бұл жағдай көбіне әйелдерде кездеседі екен. Себебі нәзік жанды арулар сезімтал келеді. Айналадағы кез келген өзгерістерге дайын болмауы мүмкін. Тіпті ауа температурасының өзі қан тамырларының тарылуына әсер етеді. Етеккір келгенде, босанғанда гормондар әсерінен қанайналым жүйесі өзгеруі мүмкін. Бауырға зақым келсе де, аяқтың тоңып жүруі ықтимал. Себебі бауыр адам ағзасындағы энергия алмасуына қатысады. Сондықтан да аяқ-қолыңыз бір жылымай жүрсе, дәрігерге көріну кеРЕК.
https://massaget.kz
22 тамыз 2018 ж. 1 335 0