№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Күн суықта ерінді қалай күту керек?

Күн суықта ерінді қалай күту керек?

   Қыста ерін күтіміне ерекше мән берген абзал. Себебі нәзік әрі сезімтал болып келетін ерін терісі тез жараланып қалуы мүмкін.
Ðүн ÑÑÑÒÑа еÑÑÐ½Ð´Ñ Òалай күÑÑ ÐºÐµÑек?
  Ерін суықта жарылып немесе жараланбауы үшін ең алдымен мұрынмен тыныс алу қажет. Тұмау болып, мұрныңыз біте қалса далада көп жүрмегеніңіз жөн.

  Қыста көшеде жүріп су ішпеген дұрыс. Бұл да ерінге зиян. Қатты шөлдесеңіз, пластикалық құты аузынан бір-екі ұрттасаңыз жеткілікті. Сол сияқты суықта темекі шегу де ерінге аса зиян.

  Суық кезде бет сүйіп амандаспаған да жөн. Сондай-ақ кейбір далаптарды пайдаланудан бас тартқан да жөн. Себебі қақаған аязда еріннің жарылуына себепкер болуы мүмкін. Дұрысы гигиеналық далапты қолданған дұрыс.

   Ерін неге жарылады?

  Бөлмедегі немесе кеңседегі құрғақ ауа да ерінді суық пен жел секілді зақымдауы мүмкін. Бұл үшін де гигиеналық далап көмек бола алады. Әр жуынған, тамақтанған, ұзақ сұқбаттасқаннан кейін жағып тұрған жөн. Суықта көшеге шығатын болсаңыз макияжды 30 минут алдын жасатқан абзал. Қыста жағатын далаптар мен бальзамдар ерінді нәрлендіретін әрі жұмсартатын болғаны жақсы. Құрамында "А" және "Е" дәрумендері, антиосиданттары барына да мән беріңіз. Гигиеналық далапты суықта қыздар ғана емес, ерлер мен балалардың пайдаланғаны да дұрыс. Себебі ерін саулығы - жанның жаулығы іспетті.  


19 желтоқсан 2018 ж. 1 190 0