№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өт қоюланса қайтесіз?

Өт қоюланса қайтесіз?


Ашқарынға жарты стакан тазартылмаған күнбағыс майын ішіп, оң жақ бүйіріңізбен жайлы төсекке жатыңыз.
Өт тұсына алдын-ала дайындалған жылы «грелка» қойылады. Суығанша жылы оранып жата тұрыңыз. Бұдан кейін үш күн бойы сұйық ас пен аз ғана итмұрын (шиповник) қайнатпасын (қант­ты өте аз қосады) ішіп жүру керек. Ем үшін кептірілген итмұрын жемісін жуып, термосқа демдеп қойса тіпті жақсы. Оны күні бойы қалауыңызша іше беру­іңізге болады.
 Қазір асқабақ дәнін табу аса қиын емес. Осы дәнді, кептірілген шайшөп (зверобой) пен салаубас (бессмертник) шөптерінің әрқайсысынан 2 ас қасықтан алып, 2 литр суда 10 минут қайнатасыз. Сүзіп алып, күніне 4 рет жарты стаканнан ішіп жүру керек. Бір жетіден кейін 10 күн демалып, тағы қайталауға болады.
 Өттің қоюлануын тежейтін, емдейтін, әрі ағзаны тазарту мен қуат беруде қызылша – таптырмас дәру. Ем үшін күнделікті ашқарынға жарты стакан қызылшаның жаңа алынған шырынын ішу керек. Оған күн аралатып қияр мен сәбіз шырынын араластырып ішсе, өттің қоюлануынан ғана емес, витамин жетіс­пеушілігінен туындайтын барлық жайсыздықтан құтылып, реңі­ңіздің де жасара бастағанын байқайсыз.
 Бүгінде дұрыс тамақтанбау салдарынан өті қоюланып, ас қорытуы қиындап жүрген адам көп. Мен бұл амалдың үшеуін де, әрқайсысын 7 күн үзілістен кейін жасап көрдім. Нәтижесі мақтануға болатындай-ақ. Сіздер де жасап көрі­ңіздер, зияны жоқ.
 
 Дереккөз: Zamana.kz
31 мамыр 2018 ж. 4 241 0