№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АҒЫЛШЫН ТІЛІ – ӘЛЕМДІК ТРЕНД

АҒЫЛШЫН ТІЛІ – ӘЛЕМДІК ТРЕНД

Мемлекетбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «қазақстандықтардыңбәсекеге қабілеттілігінің негізгі алғышарттарыболып тілдерді білу... факторы табылады», депүштілділік бағдарламасының маңызына тоқталғанеді. Бұл ата-бабаның «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін» – деген ұлағатымен үндесетіндей. 
Бүгінде «Үш тұғырлы тіл» мәнін былай түсінген абзал. «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі». Қазір ағылшын тілі əлемнің –106 елінде, ал, орыс тілі – 17 елінде қолданыста. Демек, тілдерді білу арқылы 123 елдің тұрғындарын түсінуге және олардың мəдениетімен танысуға жол ашады.
Жаһанның экономикалық үрдісіне зер салсаңыз ағылшын тілін жетік меңгерген Үндістан, Индонезия, Сингапур сынды мемлекеттер қарқынды дамудың жолын тапқанын аңғарасыз. Яғни, ғаламдық ақпарат легін, ғылыми технологиялық прогресті ағылшын тілін білу арқылы қол жеткізіп отыр. Бізде осы деңгейге жетпей, дамудың келесі сатысына шыға алмаймыз. Елбасы үштұғырлылықты осы себепті ұсынып отырғаны анық.
Тарихқа зер салсақ тілді меңгеру біздің кодымызда бар қасиет. Оны «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген ұлағат әспеттей түседі. Мәселен, әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби парсы, грек, араб тілін еркін меңгеріп, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Осылайша әлемдік өркениеттен сусындаған ғұлама артынан өшпес рухани мұра қалдырды. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шағатай, парсы, араб тілінен шыққан рухани мұралармен сусындайды. Оның халық ауыз әдебиеті және т.б. дерек көздерінен жинаған құнды еңбектері 20 томға арқау болып отыр. Кезінде ағылшын, неміс, француз тілдерін еркін меңгерген Мұстафа Шоқай қазақтың дарынды ұлт екенін Еуропа төрінде дәлелдеген жоқ па еді?!
...«2015-2019 жылға арналған үштілділік білім беруді дамытудың» жол картасын әзірлеп бекітілді. Аудан мектептері білім беру жол картасынан тыс қалған жоқ. Жаңақорған ауданындағы балабақшалар мен мектептер жаңа білім бағдарламасына көшіп, ағылшын тілін меңгеруді кезең-кезеңімен қолға алуда.
Жалпы, бүгінгі жастар ағылшын тілін білуге ынтасы жоғары. Сондықтан ағылшын тілі курстары педагогикалық шеберлік және  «Өрлеу»  біліктілікті арттыру орталықтары сұранысқа сай жұмыс жасай бастады. Сондай-ақ, аудан орталығында ақылы тіл үйрену курстары тұрғындарға қолжетімді. Жас өрендерге жаздық демалысын тиімді пайдалану үшін шетелдік білікті маманнан дәріс алу қарастырылған. Сонымен қатар жеке үйінен оқытатын ағылшын тілі мұғалімдері де аз емес. Олардың мұраты – ауыл оқушыларын ағылшын тілін жетік меңгерту арқылы ауылдың келешекте дамуына жол ашу. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бəсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз.
Сондықтан «Ана тілің – арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», деп ақын Қадыр Мырза Әлі айтқандай, әуелі өз ана тілімізді құрметтеп, одан кейін өзге тілдерді меңгерейік, жастар. Өйткені, ағылшын тілін білу – қажеттілік ғана емес, ХХІ ғасырдың трендіне айналды...
Мәлика НҰРМАХАН.
24 шілде 2018 ж. 1 347 0