Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 143

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 158

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 986

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 487

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 682

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 669

№25 (8633) 28

28 наурыз 2023 ж.

№24 (8632) 25

25 наурыз 2023 ж.

№23 (8631) 21

21 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Тәрбиешілер де тіл үйренуге қалыптасуда

Тәрбиешілер де тіл үйренуге қалыптасуда


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында қазақстандықтардың жарқын болашағы үш тілді еркін меңгеруде екенін атады. Яғни, ғылым мен инновация тілі – ағылшын тілі болса, орыс тілі – халықаралық қатынас тілі, қазақ тілі – ана тілі ретінде қолданылып, балабақша бүлдіршіндеріне үш тілді меңгеру міндеттелді.
Осы ретте, аудан балабақшаларында бүлдіршіндердің тілдерді меңгеруі қандай деңгейде? Мұны мектепке дейінгі мекемелердің басшыларынан сұрадық.
– Техника мен ғылым дамыған заманда ағылшын тілін білу маңызды. Яғни, ағылшын тілі ғылым көкжиегін кеңейту үшін керек. Осы мақсатта балабақшада ағылшын тілі мен орыс тілі оқу жоспарына енгенін құптаймын. «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін» дегендей, көп тіл білгеннің тынысы кең, бағындырар белесі биік. Балғындардың үш тіл меңгеруі үшін қолдан келген мүмкіндікті пайдаланып, ұжыммен кеңесіп, орыс және ағылшын тілі маманын қосымша кадр ретінде алдым. Яғни, біздің ұжымда ресми маман болмағанымен, барлық балабақшадағыдай үш тілде сабақтар жүргізіледі.
Ағымдағы уақытта білім бөлімінен ағылшын маманы штатын сұрастырудамын. Егер ұсыныс қолдау тапса, нұр үстіне нұр болар еді. Қазіргі таңда біздің балабақшада ертеңгіліктерде үш тілде тіл сындырып жүрген балаларды көріп, балалардың үш тілді меңгеруге еш кедергі жоғын, олардың қабілеті үш тілді игеруге жеткілікті екенін байқаймын. Тәрбиешілер де баланың тіл білімін ұлғайту үшін үздіксіз еңбек етуде.

Сандуғаш ЕГІЗБАЕВА,
«Ерке – Наз» бөбекжайының меңгерушісі:
18 сәуір 2018 ж. 899 0