Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үштілділік – баланың өрісін кеңейтеді

Үштілділік – баланың өрісін кеңейтеді


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында қазақстандықтардың жарқын болашағы үш тілді еркін меңгеруде екенін атады. Яғни, ғылым мен инновация тілі – ағылшын тілі болса, орыс тілі – халықаралық қатынас тілі, қазақ тілі – ана тілі ретінде қолданылып, балабақша бүлдіршіндеріне үш тілді меңгеру міндеттелді.
Осы ретте, аудан балабақшаларында бүлдіршіндердің тілдерді меңгеруі қандай деңгейде? Мұны мектепке дейінгі мекемелердің басшыларынан сұрадық.
– «Үштұғырлы тіл» идеясын қолдаймын. Осы мақсатта, Төменарықтағы №12 «Балдәурен» балабақшасында «Тілдердің үштұғырлығы» жобасы жұмыс жасай бастады.Тәрбиешілердің күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, ертеңгіліктер үш тілде өтеді. Үштілділік – балалардың ой-өрісін, сөздік қорларын, тапқырлығын, ізденімпаздығын, зейінділіктерін дамытады.
Бүлдіршіндердің тіл білімін арттыру мақсатында ойын-жаттығу, сергіту-ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар және ағылшын тілінде тақпақтар, жұмбақтар, музыка сабақтарында ағылшын тілінде өлеңдер жатталады. Аталған ойындардың балалардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуда үлесі зор. Қазіргі таңда балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтары жоғары. Өмір тәжірибесі өзі көрсетіп отырғандай, басқа тілді меңгеру кез келген тұлғаның биіктен көрінуіне шексіз мүмкіндіктер берері сөзсіз деп ойлаймын.

Қарлығаш ОРЫНБАЕВА,
№12 «БАЛДӘУРЕН» балабақшасы меңгерушісі:
18 сәуір 2018 ж. 1 599 0