№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Бізге «жасанды қыс» не үшін керек?

Бізге «жасанды қыс» не үшін керек?

Бүгінде жаһандық жылыну дүние жүзінің басты мәселесіне айналып отыр. ХХ ғасырға қарағанда ауа-райы орташа есеппен 0,74 градусқа көтерілген. Ауа райы бұлай жылына беретін болса ХХІ ғасырдың соңына қарай Жер шары бұрынғыдан 2 градусқа ыстық болад. Осы ретте, алдын алу шаралары қолданылмаса онда ауа-райының орташа температурасы 4 градусқа дейін артып, мәңгі мұздықтар еріп, теңіз жағалауындағы қалалар су түбіне батып, адам өлімі жиілеп, табиғи апаттар күрт артады.

Ғалымдардың айтуынша, жаһандық жылынуды жеңіл-желпі әдістермен тоқтату мүмкін емес. Қатердің алдын алу үшін  Жер шарын жасанды жолмен суыту тәсілдері қарастырылып жатыр.
Бірінші: стратосфера қабатына химиялық қоспа шашу
 Ең көп мақұлданып жатқан жоба Гарвард университетіне тиесілі. Гарвард және Йель университеті ғалымдары жаһандық жылынудың алдын алу үшін ерекше әдіс ұсынды. Environmental Research Letters басылымы жаһандық жылынуды алдын алу мақсатында Күн сәулесінің Жер шарына түсуін азайту керек екенін жазған. Ол үшін стратосфера қабатына химиялық қоспа шашу ұсынылған. Бұл ұсыныс аясында 20 шақырым биіктікке сульфаттар қоспасын шашу қарастырылған. Бірақ, ғалымдардың пікірінше, үлкен көлемдегі химиялық қоспаларды шашатын ұшақ әзірге жасалмаған. Тек, бұл үдерісті 15 жылдан кейін ғана жүзеге асыруға болады екен.
 Екінші: мұхит суына темір ионын қосу
 Тағы жоба бойынша мұхит суына темір ионын қосу қарастырылған. Бұл фотосинтез процесін реттейді, содан кейін атмосферадағы көмірқышқыл газы үнемі мұхитқа сіңіп отырады. Ғалымдар осылай ауадағы парниктік газдардан құтылмақшы.
 Үшінші: Жасанды бұлт
Вашингтон ғалымдары жасанды бұлттарды аспанға шығару жолдарын ұсынды. Олар арнайы жабдықты пайдаланып атмосфераның жоғарғы қабаттарына секундына бірнеше триллион жылдамдықта ұшатын бөлшектерді шашыратудың жолдарын жасамақшы. Есептеулер көрсеткендей, жасанды түрде пайда болған бұлттар күн сәулелерін тосады, бұл орташа температураның төмендеуін қамтамасыз етеді.
Төртінші: Арктика мұздығына тұщы су шашу
 Тағы бір жоба бойынша Арктика мұздарының еруінің алдын алу қарастырылған. Арктика мұздықтары айна сияқты болып, мұхиттардың қызып кетпеуі үшін күн нұрын қайтарып тұрады. Ғалымдар Солтүстік мұзды мұхитының үстіне тұщы су шашу арқылы мұз көлемін арттыруды көздеп отыр. Себебі тұщы су тез қатады.
 
31 қаңтар 2019 ж. 866 0