№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СИНОПТИКТЕР ҚЫС МАУСЫМЫНА БОЛЖАМ ЖАСАДЫ

СИНОПТИКТЕР ҚЫС МАУСЫМЫНА БОЛЖАМ ЖАСАДЫ


Қазақстанда қараша мен 2019 жылдың наурызы аралығында ауа райының қандай болатыны туралы "Қазгидромет" РМК гидрометорталық директоры Марина Шмидт айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдын ала болжамға сәйкес, қарашада синоптикалық процестер жиі ауысып отырады, ол ауа температурасының тұрақсыздығын тудырады - аяздан оның аздап әлсіреуіне дейін, сонымен қатар, жауын-шашын болып, желдің күшеюі, жолдарда көктайғақ болып, түнде және таңертең тұманның түсуі күтіледі. "Айтарлықтай аяз қарашаның бірінші, екінші және үшінші онкүндігінің ортасында күтіледі: Қазақстанның солтүстігінде түнде 10-20 градус, күндіз 5-10 градус суық болады. Оңтүстікте түнде 5-10, күндіз 0-5 градус суық болады. Ұзақмерзімді болжамдарға сәйкес, алдағы қыс Қазақстанда суық болады, ауа температурасы көпжылғы орташа мәннен төмен, жауын-шашын мөлшері нормаға сай болады", - деп хабарлады Марина Шмидт. Желтоқсанда суық антициклондар жиі келеді, соның әсерінен аяз, ал қар аз ғана мөлшерде болады, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1 градусқа төмен болады, тек батыс пен шығыста температура нормаға сай болады. Солтүстік-шығыс, оңтүстіктің кей жерлері мен оңтүстік-батыста аздаған жауын-шашын болады. "Қаңтарда сібір антициклондарының әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көпжылдық мәннен 1 градусқа төмен, қар аз болады. Алайда батыс пен оңтүстікте ауа температурасы нормаға сай болады. Батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы кейбір таулы және тауға жақын орналасқан аудандарда жауын-шашынның мөлшері нормаға сай болады", - деді гидрометорталық директоры. Ақпанда ауа температурасы көпжылдық мәннен 1-2 градусқа төмен болады деп күтіледі, тек оңтүстік-шығыста климаттық нормаға сай болады. Батыста, оңтүстік-шығыста, оңтүстік пен шығыстағы кейбір таулы және тауға жақын орналасқан аудандарда жауын-шашынның мөлшері нормаға сай болады. Күнтізбелік көктемнің басында суық пен жылы күндер және қатты жауын-шашын кезектесіп отырады. Бұл айда орташа есеппен ауа температурасы нормадан 1 градусқа жоғары, тек батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста нормаға сай болады. Наурызда жауын-шашынның мөлшері нормадан жоғары болады, тек оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде нормаға сай болады. Марина Шмидттің айтуынша, 2018 жылдың қарашасы мен 2019 жылдың наурызы аралығына арналған ауа райы болжамы алдағы қысқа дайындалу үшін жергілікті атқарушы органдар мен ТЖ қызметтеріне жолданды. Спикердің сөзіне қарағанда, болжамның ықтималдығы 55-60 пайызға тең, кейін бір айға, онкүндікке және одан да қысқа мерзімге жасалған болжамдар бойынша нақтыланып отырады.
16 қазан 2018 ж. 1 499 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 06:52
Synthriod Without A Script Buy Viagra With Debit Card 59 Generic Finasteride Pills cialis 5mg best price Cialis Bordeaux Viagra Generico Effetti Collaterali Human Cephalexin Dosage

Гость Jeahulalf от 9 наурыз 2019 12:55
Amoxicillin Zithromax Want Buy Nolvadex cheap cialis online Cialis Mazatlan Mexico Where To Buy Synthroid