№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өлім-жітім азайғанын сарапшы мамандар дәлелдеді

Өлім-жітім азайғанын сарапшы мамандар дәлелдеді

 Ана мен бала денсаулығын қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы бағытта қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен сала жұмысына енгізіліп жатқан жаңа жүйелер, пилоттық жобалар соның айғағы. 2016 жылы қолданысқа енгізілген пилоттық патронаждық қызметтің жетілдірілген әмбебап моделі денсаулық саласына тың серпін берді. Екі жылдан астам уақыт ішінде ана мен бала жағдайына жіті көңіл бөлініп, өлім-жітім азайғанын сарапшы мамандар дәлелдеді. Мәселен, соңғы үш жылдың көлемінде Жаңақорған ауданында ана өлімі мүлдем тіркелген жоқ, сондай-ақ сәби өлім-жітімі де күрт төмендеген.

   Демек, аталған қызмет түрі тиімділігін көрсетті. Сондықтан, жуырда аудандық емханада халықаралық эксперттер мен Юнисеф Ұйымының өкілдері семинар-кеңес өткізді. Ондағы мақсат – өзге елдерден келген мамандармен тәжірибе алмасу арқылы, қызмет сапасын арттыру.
Грузия, Қырғызстан және Өзбекстан­нан делегаттар арнайы келіп тәжірибе алмасты. Әрі, патронаж қызметінің аудандағы жұмысымен танысты. Онан кейін аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен патронаждық қызмет жөніндегі сала аралық комиссия отырысына қатысты.
Алдымен, емханада өткен жиынға тоқталсақ. Семинарда қонақтарға тұрғындармен, әсіресе, аяғы ауыр аналармен сөйлесу мәнері, оларға уақытылы көмектесе алу жөні талқыланды. Осы ретте, патронаж бөлімінің мейірбикесі Шарипа Ордабекова аналармен қалай жұмыс жасайтыны туралы қызметтік тәжірибесімен бөлісті. Министрліктен келген мамандар патронаж бөлімінің бүгінгі бағыты туралы ой қозғады. Өз ойларымен бөліскен қонақтар түстен кейін аудан әкімдігінің мәжіліс залына жиналды. Салааралық комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков жүргізді.
– Патронаждық қызметтің жетіл­ді­ріл­ген әмбебап моделі аясында атқа­рылып жатқан жұмыстар шеңберінде ұйым­дастырылып отырған салааралық ко­миссия отырысының мақсаты – аурухана әкімшілігі тарапынан ұсынылған әлеу­меттік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасылар бойынша нақты шешімдер қабылдау. Қабылданған шешімдер әлеу­меттік тұрмыстың тұрақталынуына оң әсерін тигізіп келеді, – деді.
Аудандағы патронаждық қызметтің салааралық комиссиясының жұмысы бойынша аудан әкімінің әйелдер ісі және отбасылық демография, гендерлік саясат жөніндегі кеңесшісі Әзия Қыстаубаева хабарлама жасады. Ал, ауданның бас дәрігері Яхия Шорабаев жиынның маңыз­дылығына тоқталды.
– Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясы мен 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағ­дар­ламасынан туындайтын міндеттерді іске асыру мақсатында 2016 жылы ауданында пилоттық патронаждық қыз­меттің жетілдірілген әмбебап моделі енгізілді. Енгізілген патронаждық қыз­меттің басты мақсаты – үй аралау барысында жүкті әйел мен 5 жасқа дейінгі бала денсаулығын ғана зерттеп қоймай, сол отбасының барлық мүшелерінің әлеуметтік жағдайымен де жете танысу, тұрмысы төмен немесе жағдайы аса ауыр отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету бағытында шаралар қабылдау болды. Соның арқасында осы уақытқа дейін аудан бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген 78 отбасының мәселесі салааралық комиссия отырыстарында қаралып, тиісті шаралар қабылданды. Әрі, осы отбасыларға құзырлы мекемелер арқылы әлеуметтік көмектер ұсынылып, жекелеген отбасы мүшелері жұмысқа орналастырылды, – деді бас дәрігер.
Семинарда кент тұрғыны Қайрат Исмаилов пен Наурызгүл Егенованың отбасына әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұсыныс қаралды. Себебі, күнкөріс деңгейінің төмен болуына байланысты отбасындағы дау-дамай баланың дұрыс өсіп жетілуіне кедергі дейді мамандар. Сондықтан, шаңырақтағы қос сәбидің ертеңіне алаңдаған комиссия көмек беруге уағдаласты.
Ал, түстен кейін шетелдік мамандар аудандық емханада қорытынды мәжіліс өткізді. Осы жиында патронаж мейірбикесі М.Ербосынова өз жұмыстарының барысы жайлы хабарлама жасады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Юнисеф Ұйымының Қазақстандағы өкілі Юрий Викторович, ұйым кеңесшісі Лариса Тихонова, үйлестіруші Қанат Субханбердиев пен көршілес мемлекеттерден келген мамандар ауданда жүргізіліп жатқан патронаждық қызмет жұмысына жоғары баға берді.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.

25 қараша 2018 ж. 1 032 0