№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлемде 300-ге жуық адам есірткі үшін өлім жазасына кесілген

Әлемде 300-ге жуық адам есірткі үшін өлім жазасына кесілген


Өлім жазасы көбіне Иран мен Сауд Арабияда іске асырылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ВВС-дің орыс қызметіне сілтеме жасап.

Amnesty International ұйымының есептеуінше, әлемде 2017 жылы жүзеге асырылған 993 өлім жазасының 272 немесе 27% есірткімен байланысты.
Жалпы, өлім жазасын беру жағынан Иран мен Сауд Арабия көш бастап тұр. Ал, оларды орындауға келгенде Иран екінші орында, Сауд Арабия үшінші орында тұр. Сонымен қатар, көшбасшылар қатарында Ирак және Пәкістан бар. Бұл төрт елде әлем бойынша жазалаудың ең жоғарғы түрінің 84 % жүзеге асырылған.
Amnesty International ұйымының мәліметі бойынша бірінші орында Қытай тұр. Айта кетейік, Бейжің өлім жазасы туралы ресми деректерді жарияламайды. Осы ретте, ұйымның баяндамасында көрсетілген сандар әлемде орындалып жатқан өлім жазасының азғантай бөлігі деп атап өтілген.
Себебі аталған сала бойынша мәліметтер Вьетнам мен Белоруссияда құпияландырылған. Өз кезегінде Белоруссия Еуропада өлім жазасынан бас тартпаған жалғыз мемлекет.
Баяндамада көрсетілгендей, БҰҰ-ға кіретін 193 елдің 106-да өлім жазасы алынып тасталған, 36 елде жазаның бұл түрі мүлдем қолданылмайды. 2017 жылы жазалаудың ең жоғарғы түрінен Гвинея мен Моңғолия бас тартты.







13 сәуір 2018 ж. 1 124 0