№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Патронаждық қызмет бойынша шетелдік мамандар ауданымызда болды

Патронаждық қызмет бойынша шетелдік мамандар ауданымызда болды

 Еліміздің денсаулық сақтау саласы бойынша ана мен бала денсаулығын жақсарту бағытында жасалынып жатқан игі жұмыстар аз емес. 2016 жылдың наурызынан бастап ауданымызға пилоттық патронаждық қызметтің жетілдірілген әмбебап моделі енгізілген болатын. 
  2018 жылдың 14 қарашасы күні Патронаждық қызмет бойынша Халықаралық эксперттер, Юнисеф Ұйымының өкілдері, сондай-ақ Грузия, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінен делегаттар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері ауданымызға келіп, аудандық емханада өткен семинар-кеңеске қатысты, олар патронаж қызметкерлерінің жұмысымен жан-жақты танысты. Онан кейін шетелдік мамандар аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен патронаждық қызмет жөніндегі салааралық комиссия отырысына қатысты. Комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы А.Салыбеков жүргізіп, Жаңақорған ауданы бойынша патронаждық қызметтің жетілдірілген әмбебап моделі аясында атқарылып жатқан жұмыстар шеңберінде ұйымдастырылып отырған салааралық комиссия отырысына Халықаралық эксперт Шветхельм Беттина, Балалардың ертешақтағы дамуы бағдарламасының Аймақтық Кеңесшісі Йович Александра, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басшысы Біржанова Күләйім Жақсылыққызы, Денсаулық сақтау министрлігінің Жобаларды басқару бөлімінің бас маманы Бахыт Игемберлина, Ұлттық Тренер Бабаева Баян Наманқызы, Юнисеф Ұйымының Қазақстандағы өкілі Оксамитный Юрий Викторович, Юнисеф Кеңесшісі Тихонова Лариса, Юнисеф үйлестірушісі Суханбердиев Қанат Әбдуәліұлы, сондай-ақ Грузия, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінен делегаттар келіп арнайы қатысып отырғандығын жеткізді. Осы жиында аудандағы патронаждық қызметтің салааралық комиссиясының жұмысы бойынша аудан әкімінің әйелдер ісі және отбасылық демография, гендерлік саясат жөніндегі кеңесшісі Әзия Қыстаубаева хабарлама жасады. Салааралық комиссия отырысының күн тәртібіне ұсынылған отбасы бойынша аудандық орталық аурухана бас дәрігері Шорабаев Яхия Кәдірбекұлы ұсынысты комиссия назарына жеткізді. Сонан кейін комиссия отырысына ұсынылып отырған отбасында анықталған бала мұқтаждығы жайлы патронаждық мейірбике Ким Ирина және әлеуметтік қызметкер Әлия Қожабековалар мән-жайды жіті түсіндіріп өтті. Осы отбасыға қатысты айтылған ұсыныстарды саралай келе, комиссия төрағасы А.Салыбеков тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, жиынды қорытты. Осы комиссия отырысынан кейін шетелдік мамандар аудандық емханаға келіп, Жаңақорған ауданы бойынша патронаждық қызметтің жүргізілуі жайлы қорытынды кеңес өткізіп, ұсыныстарын ортаға салды. Жиын барысында патронаж мейірбикесі М.Ербосынова үй аралау кезіндегі патронаж мейірбикесінің жұмысы жайлы толық ақпарат беріп өтті. Шетелдік мамандар ауданымызда жүргізіліп жатқан патронаждық қызмет жұмысына жоғары баға берді.
   Жиын соңында аурухана бас дәрігері Я.Шорабаев Еліміздің денсаулық сақтау саласы бойынша ана мен бала денсаулығын жақсарту жолында жасалынып жатқан игі жұмыстар баршамызды қуантатындығын және ұйымдастырылып отырған тәжірибе алмасу мақсатындағы семинар кеңестің берері мол екендігін жеткізе келе, осындай үлкен жобаны Жаңақорған ауданына енгізу жөніндегі ұсынысты қуаттап, біздің ауданымызда іске асуына қолдау көрсеткені үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Юнисеф ұйымының Балалар Қорына, Денсаулық сақтау министрлігіне, облыстық денсаулық сақтау басқармасына аудан халқының атынан шынайы алғысын білдірді.
Баспасөз қызметі.
23 қараша 2018 ж. 1 285 0