№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Емшіге барып, 126 балл жинаған түлек кім?

Емшіге барып, 126 балл жинаған түлек кім?


Түркістан облысы, Достық ауылының тұрғыны Хамит Қыдырбайұлы есімді емші мектеп түлегіне жоғары баллды дұғамен алып бергенін ашық айтты.Емші бірнеше жыл бойы ауыр дертпен күресіпті. Кейін адамдарды емдей бастаған соң сырқатынан айығып кеткен, деп жазды Zamana.kz.
«Мені қазір жұрт біледі, үйге басы ауырып, балтыры сыздап дегендей түрлі дерт мазалағандар, баласының ыстығы түспей жатқандар келіп, ем алады, яғни мен дем саламын. Әрине, бұл менің негізгі кәсібім емес, жұмыстан қол боста келген адамдарға көмегімді көрсетіп тұратыным бар», — дейді емші.
Хамит өзінің бойындағы қасиетінің неден екені білмейтін көрінеді. Ол қолында биоөріс болғандықтан адамдардың бойындағы сырқатты сезетінін айтты. Емші, сондай-ақ алдына келген адамдардың жолын ашып, дұғалап беретінін де баяндап берген.
«Жол ашатыным бар, жолын аш¬қызғысы келген қыздар да маған оқытылып тұрады. Өткенде бір бала ҰБТ-ға қатысты оқытылған еді, Сынақтан 126 балл жинады, ол үшін әке-шешесі келіп, алғысын білдіріп кетті», — дейді Хамит.

13 шілде 2018 ж. 1 237 0