МЕХАНИЗАТОР ДИНАСТИЯСЫНА – 267 жыл
Расында, Түгіскенде 267 жылдық еңбек өтілі бар тракторшылар әулеті тұрады. Трактордың тізгінің алдымен Әбдраман ұстады. Ол 1934 жылы Талдысу өңірінде ауыр техниканы меңгеріп, қызметке кіріседі. Оның ұлдары Бердібай, Жаңабай, Сәбентай, Сәлімгерей де трактордың қыр-сырын меңгеріп, ауылдастарына қызмет жасайды. Қазір Бердібайдан негіз алған Қали мен Дархан, Сәлімгерейден тараған Азамат, Әділет трактордың рөлінде. Біз тракторшылар әулетіне арнайы бас сұғып, еңбекке деген шынайы ықыласқа куә болдық.
– Еңбек өтілімі құжат бойынша 40 жыл тракторшы ретінде рәсімделген. Бірақ трактор рөліне мектепте оқып жүргенімде отырдым. Ағам Жаңабайдың «Беларусь» тракторы болатын. Мектептің соңғы сыныбында-ақ кез келген механизатордан трактор тілін кем білмедім. Оған әкем Әбдіраманның ықпалы зор болды. Біздің отбасы 1973 жылы Қосүйеңкіден Түгіскенге көшіп келгеннен кейін трактор айдауды үш ағама тапсырған әкем шеберханаға ұста болып ауысты. Негізі әкем 1934 жылы «Талдысу» колхозы атынан Бәйгеқұмдағы МТС-тің жанындағы механизаторлар курсын бітіріп, содан зейнетке шыққанша техникадан қол үзбеді. Шамамен 44 жыл ауыр техниканы тізгіндеді. Ұзақ жылғы еңбегі ескеріліп, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», медалімен марапаталды, – деп бастады Сәлімгерей әңгімесін.
Сәлімгерейдің еңбекқорлығы мен өзіне тапсырылғантехникаға көздің қарашығындай қарайтындығы жөнінде, ХХ ғасырдың 80 жылдары кеңшар кәсіподақ комитетінің төрағасы болған Ермағанбет Ибрагимов: «Техниканы ұқыпты ұстайтын Сәлімгерей Әбдіраманұлы, темір тұлпары сынып далада қалғанда да техниканы қараусыз тастамай жақын елді мекендерге немесе малшылардың үйлеріне жеткізіп, оны жөндеп қайта іске қосып, тапсырылған шаруаны тындырып жүретін. Осы еңбегі де барынша бағаланып, сол кезеңдегі барлық мадаққа ие болды. Жалпы алғанда Елегеновтер әулеті «Түгіскен» кеңшарының ширек жұмысын атқарды десем асылық айтқандық емес. Ағайынды Елегеновтердің қай-қайсысы болсада өз міндеттеріне өзінің жеке шаруасына қарағандай жанашырлықпен қарайтын жандар, – деп еске алады.
Өмірлерін бірге өрген зайыбы Бибайша отағасының жетістіктерін растайтын мақтау грамоталарын мақтанышпен тізбектеп көрсетті. Кеңшардың баяғы кеңестік кездегісін айтпағанда, аудан, облыс әкімінің алғыс хаттары мен «Құрмет грамотасының» саны 10-15-тен асып қалады. Соның бірін егіс даласынан қырманға күріш салысын тасудан жеңімпаз атанып, 2002 жылы облыс әкімі С.Нұрғисаевтың және аудан әкімі Нажмадин Мұсабаевтың қолынан алыпты. Мұндай марапаттарды санай берсең Елегеновтер әулетінен жүзден астамы табылары анық. Әрбір темір-терсегіне дейін жетік білетін әкесінің өнегесін алған балалары бірден-бір техника тілін меңгерген жандар есебіндекөп құрметіне бөленген олар жемісті тіршілікті дөңгелетіп отыр.
– Біз, Жаңабай екеуміз еңбек жолымызды «Бірлік» кеңшарының №3 бөлімшесінен бастадық. Өзім алғаш рет тракторға 16 жасымда отырдым. Содан бері несібемді осы техникадан айырып келемін. «Төртеу түгел болса төбедегі келеді» демекші, бірлескен еңбектің арқасында жағдайымыз да жақсы. Ең бастысы, еліміз аман, жайма-шуақ заман, — дейді Сәлімгерейдің үлкен ағасы Бердібай. Сөз арасында ағайының әңгімесін тірілткен Сәлімгерей де әлденеге жымия күліп: Иә, аға Сіз одан бұрынырақта Шырағданның басында тұрған Т-16 тракторының қозғалтқышын ажыратып жіберіп екі шақырымылдиға қарай жүріп кетіп, тракторды Ақкиізде бір-ақ тоқтатқаныңыз есіңізде ме, – деп, өткенді еске түсіріп, бір күліп алды. Десе де, Сәлімгерейдің ортаншы ағасы Сәбентай бұл болған оқиға туралы қысқаша баяндап берді. Естігенімізді тарқатып көрсек.
Жазды күні. Бөлімшенің шөп оратын бригадасы жонда шөп орып жатады. Сәл үзіліске дамылдап отырған механизаторлардың косилкаларында отыратын балалар ойнап жүреді. Сол жерде 13 жасар Бердібай оталып, ылдиға қарап тұрған тракторға мініп алып, қозғалтқышты қозғап жібереді. Трактор еңіске қарай жөнеліп кетеді. Не істерін білмей қалған Бердібай рөлден тас қылып ұстап алып, айырылмай отырып келесі кезеңдегі Ақкиіздің төбесіне шыққанда бір-ақ тоқтайды. Басқа трактормен оны қуып жеткен әкесі Әбдіраман Бердібайды трактордан түсіріп алайын десе, қорыққаннан қолы қарысып қалыпты. Біршама уақыттан кейін ғана Бердібайдың саусақтарын рөлден біртіндеп ажыратып алған көрінеді. Осындай есті естелік әулеттің әлі күнге есінде жаңғырып тұр.
Ендігі кезекте тракторшылар әулетінің еңбек өтілін есептесек, нағыз династияға тән тізбектеме шығады. Мәселен, Бердібай аға 47 жыл, Жаңабай 34 жыл, Сәбентай 41 жыл механизатор болса, олардың балалары Қали 23 жыл, Дархан мен Азамат 15 жылдан, Әділет 11 жылдан бері механизатор екен. Яғни Әбдіраман атамызды қосқанда оның ұрпақтарының жалпы механизаторлық жұмыс өтілдері 265 жылды құрайды.
Тілдесу барысында еңбек ардагері Өміртай Өтешов Сәлімгерейдің білгіштігі менеңбекқорлығы туралы төмендегіше сыр шертті. «Өзіңізге белгілі, Кеңес өкіметі тарағаннан кейінгі тоқырау жылдарыауылға жана техника келмей қалды. Сол кездері шаруашылықтөрағасы Наятулла ҚарақожаевСәлімгерейді шақыртып алып,шашылып жатқан техникаларды көрсетіп : – Мыналардан бір трактор құрауға бола ма, – деп сұрайды. Сәлімгерей шашылып жатқан темір-терсекті аралап шығып: – Тырысып көрейін, нартәуекел, тек маған инженер мен механик керек», – дейді. Нәкең мақұлдағаннан кейін Сәлімгерей іске кірісіп сонда жатқан «Алтай» тракторының рамасын алып құрастырып, бір жарым айда тракторды жүргізіп, өзі айдады. Бір айта кетерлігі, аталмыш трактор құралып жатқанда оның жанар-жағар майды аз жейтініне ешкім сене қоймаған. Бірде тасымалға өзгелерден 10 күн кейін шығып, бірақ абырой болғанда ол тасымалдан берілген нормасын асыра орындап, өзгелерге қарағанда 800 литр майды үнемдейді. Сол жылы ол аудан бойынша тасымалдан жеңімпаз атанды, марапатқа ие болды. Сәлімгерей кейін демұндай трактордың бірнешеуін құрап шығарды. Ол сондай – ақ екімыңыншы жылдары келген грейдерді де игеріп, оны басқаруды жастарға үйретіп, күріштіктерге баратын жолдарды қалпына келтірді.
– Әсілінде бұл әулеттің азаматтарының ең бір жақсы қасиеті – өзгелердей сәл табысқа асып-тасуды, бір нәрсе жетіспей жатса қамығып тығырыққа тірелуді білмейді, – деп сөзін бастаған Тұрысбай Үсенов ағамыз әңгіме тізгінін қолына алды. – Шетінен бейнет үшін туған жандар. Қай-қайсысы болса да кез келген техниканың құлағында ойнайды. Техникалары бұзылып қалса өзгелердей маған «запчасть» керек деп бос отырмайды. Шеберхананың айналасындағы тастаған темір-терсек арасынан керегін тауып алып жүргізеді. Бұл отбасының бар мүшелеріӘбдіраман жәкемізден бастап ХТЗ,ЧТЗ, МТЗ-1221, Т-4,Т-16, ДТ-54, ДТ-75,Т-40 МТЗ-82, МТЗ-52, МТЗ-80,К-700, К- 701, Т-100,Т-150 пен «Алтай» тракторларын тізгіндеді. Содан да болар, олардың қорасында оннан астам техника тұратын. Өзгелер қыста күннің суықтығын сылтауратып бұзылған техникаларын жөндеуді көктемге сырғытып жүргенде Елегеновтердің бар технкасы жылдың төрт мезгілінде сақадай сай оталып тұратын. Кеңшар басшылары оларды көпке үлгі ететін. Бұл сөзім біреуге жағыну емес, боямасыз шындық. Ал ауылдастарымыз «Елегеновтердің қорасы жарты гараж» деп әзілдейтін. Шындығында өзге механизаторлардың техникалары тұрса, мына Сәлімгерейердікі әулетімен үйлерінде тұратын. Бұл да болса кеңшар басшыларының оларға деген сенімі болса керек, – деп еске алды Тұрысбай Үсенов.
Әңгіме барысында аңғарғанымыз, соңғы жылдары мына көрші облыстанСәлімгерейге «құда түсушілер» көбейіпті. Барлығының да мақсаты – Сәлімгерейді алып кетіп бір техникасын құратып алғылары келеді. Биыл да бірнеше ауданнан қолқа салып келгендер де болып, екеуінің технкаларын жүргізіп келіпті. Осылай әңгімелесіп отырғанда бейтаныс үш жігіт келіп кірді. Амандасып болып:
– Араларыңызда Сәнке(ауылдастары Сәлімгерейді осындай лақап атпен атайды екен) кім болады? – деп жасы ересегі сауал қойды.
Сәлімгерей: – Іздеген Сәнкелерің мен боламын. Төрлетіңздер, – деп қонақтарды дастархан басына шақырды.
– Сізді шашылып жатқан техниканы қайта құрап жинайтын «асс механизатор» дегенге келдік, – деді ересек қонақ бірнеше кесе шай ішіп болғаннан кейін. Қонақтарға «Мен мына ағаларымды шығарып салайын деп сыртқа беттеген бізбен ілесе тысқа шықты. Бізбен қоштасып тұрып Сәлімгерейдің маған айтқаны: Бәріміз де ішкен-жегенді ақсы көреміз. Техниканы да жүріп тұрса айдайтын жас көп – ақ. Бірақ бұзылғанды біреу жөндеп берсін деп айдағанын міндет ететін жастар көбейіп барады.«Дайын асқа – тік қасық» болғылары келеді. Яғни олар техниканы сүймейді. Өзім содан қорқамын. Ал мен үшін техниканың әр бөлшегі өзіне адам махаббатын қажет етеді. Техника тілін білу керек, оған да күтім керек, сонда ғана техника сенің сеніміңді ақтайды.
Біз онымен қоштасып машинаға бет алғанда, Сәлімгерей үйдегі қонақтарына қарай асыға басып бара жатты.
Ерубай СЕЙСЕНТЕГІ.