№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Трамадол» дәрісінің дәріханаларда сатылуын қатаң бақылауға алды

«Трамадол» дәрісінің дәріханаларда сатылуын қатаң бақылауға алды

ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес, дәрігердің рецептісі бойынша босатылуға арналған дәрілік заттарды рецептісіз сатуға тыйым салынады. Бұл талапты бұзғаны үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» (ҚР ӘҚтК 426-бабының 1-бөлімі) Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған-деп хабарлайды Baq.kz.


  Дәрілік заттарды рецептімен босатуға жатқызу Ережесіне сәйкес, «Трамадол» дәрілік препаратын рецептімен босатылатын препараттарға жатқызады.
   Осы жауапкершілікті тиімді қолдану мақсатында, ҚР ДСМ Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу Ережесіне, соның ішінде дәріханада клонидин, кодеин, тропикамид, трамадол, циклопентолат, прегабалин, зопиклон, дифенгидрамин, прометазин сияқты улы заттардың 3 жылға дейін сақтау мерзімін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Белгіленген талаптаптардың сақталуын бақылау жоспардан тыс тексеру жүргізу шеңберінде (жеке және заңды тұлғалардың жүгіністері бойынша) ҚР ДСМ Фармация комитетінің аумақтық бөлімшелерімен, сондай-ақ аймақтың ІІД ЕҚКБ-мен (есірткіге қарсы күрес басқармасы) «Допинг» жедел операциясын жүргізу шеңберінде, ал жекелеген өңірлерде ҚР ДСМ Фармация комитетінің аумақтық бөлімшелерінің мамандарын жібере отырып жүзеге асырылады.
2018 жылдың 10 айы бойынша «Трамадол» препаратының рецептісіз сатылғаны үшін 11 млн 144 мың 920 теңгеден астам сомаға 52 әкімшілік айыппұл салынған.
Бүгінгі таңда, дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер түрінде, адамның өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне тікелей қатердің алдын алу және (немесе) жою мақсатында нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша ғана жүргізіледі. Фармацевтикалық қызметтің жоспардан тыс тексерулердің саны – бірең-сараң жағдайлар (жеке және заңды тұлғалардың жүгіністері бойынша).
Мемлекет тарапынан тұрақты бақылаудың болмауы дәрігердің рецептісі бойынша босатуға арналған дәрілерді, оның ішінде нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға рецептісіз сату бойынша бұзушылықтардың өсуіне және жалған медициналық өнімдерді таратуға әкеп соғуы мүмкін.
Дәрі-дәрмектерді және жалған медициналық өнімдерді рецептісіз өткізуге қарсы күресті жүзеге асыру кезінде бақылаушы органның жедел ден қою шараларын қабылдауы қажет.
Дәріхана бизнесі мемлекет тарапынан бақылаудың үздіксіздігі мақсатында азаматтардың адал емес кәсіпкерден құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін медициналық өнімнің айналымы саласына ерекше тәртіпке бақылау жүргізуді енгізу қажет.
Алдын алу шараларын қабылдау үшін, ҚР ДСМ Қазақстан Республикасының заңнамасына тексеру жүргізудің ерекше тәртібі қолданылатын, Денсаулық сақтау субъектілерін (объектілерін) бірінші топқа жатқызу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, ҚР ДСМ "Трамадол" препаратын босатуды және есепке алуды бақылауды күшейту мақсатында, қазіргі уақытта ҚР ІІМ-мен "Трамадол" дәрілік препаратын және басқа да дәрілік заттарды медициналық мақсатта пайдаланылатын және қатаң бақылаудағы есірткі және психотроптық заттар тізіміне енгізу мәселесі қаратырылуда.
Рецептілік медициналық препараттардың рецептісіз босатылу фактілері бойынша ҚР ДСМ Фармация комитетінің аумақтық бөлімшелеріне тиісті шаралар қабылдау үшін хабарласуыңызды сұраймыз.
09 қараша 2018 ж. 839 0