МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев және Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың кездесуі өтті. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша бірлескен және келісілген іс-қимылдарды дайындау мен іске асыруға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған.
Алик Шпекбаев атап өткендей, бүгінде адами капиталдың маңызды факторы - бірінші дәрежелі денсаулық сақтау және дені сау ұлт болып табылады. Осыған орай, денсаулық сақтау жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, медициналық қызметтердің сапасын арттыру - еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторларының бірі болып табылады.
«2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылдың ағымдағы кезеңіндегі жағымсыз фактілерінің төмендеу тенденциясы бар. Мәселен, 2017 жылыМинистрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау және Фармация комитеттерінің мемлекеттік қызметшілеріне әдеп қағидаларын бұзғаны үшін 18 және мемлекеттік қызметті сенімсіздендіргені үшін 21 тәртіптік жаза қолданылды, ағымдағы жылдың 7 айында әдеп қағидаларын бұзғаны үшін 4 және тәртіптік жаза мемлекеттік қызметті сенімсіздендіргені үшін 1 тәртіптік жаза бар»,- деп атап көрсетті өзінің баяндамасында Елжан Біртанов.
Бірлесіп жүргізілген алдын алу шараларының нысаналы кешенінің нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны, мемлекеттік қызметті сенімсіздендіргені және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жазалар динамикасында оң тенденция байқалатынын атап кету қажет.
Меморандумға қол қоюдың ерекше өзектілігі мен қажеттілігі жүргізіліп жатқан әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі реформаға, дәрілік заттарды сату кезінде бөлу және бағалық реттеу саласындағы реформаға да байланысты. Меморандумға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарындағы «тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты» төмендетуге ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою – қатардағы медицина қызметкерлерінің көрсеткен медициналық қызметтері үшін материалдық және материалдық емес алғыстар алу практикасын жою бойынша шаралар қабылданатын болады.
Мекемелер арасындағы өзара іс-қимыл елдегі және әлемдегі сыбайлас жемқорлық жағдайы туралы ақпаратпен алмасу, денсаулық сақтау ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы және ішкі талдауы жүргізу, сондай-ақ бірлескен жобалар, іс-шаралар, семинарлар мен кездесулерді іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Меморандумға қол қою екі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылына күшті серпін беріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты тиімді жүзеге асыруға бағытталған уақытылы шаралар қабылдауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.